WhatsApp мессенджерінің түсі өзгереді

WhatsApp мессенджерінің түсі өзгереді
Фото: Alsumaria

WhatsApp мессенджерінің өкілдері алдағы уақытта қосымша жаңаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Wccftech басылымына сілтеме жасап.

Таяуда мессенджер батырмалы телефондарға да қолжетімді бола бастады. Нәтижесінде әлем бойынша WhatsApp қолданушыларының саны артты. Жаңадан жарты миллионға жуық аккаунт тіркелген. 

Жаңаруы жайлы айтатын болсақ, WhatsApp өкілдерінің сөзіне қарағанда, мессенджер қара түске ауыстырылады. Айтуларынша, қара түс көзді аса ауыртпайды. Сондай-ақ жаңа түстің арқасында телефон қуатын үнемдеуге болады. Таяуда қара түстегі жаңарған нұсқасы iOS пен Android-та қолжетімді болады.

Н. Үсенова