DARPA суда жүзетін дрон құрастырды

DARPA суда жүзетін дрон құрастырды
Фото: ammonation.ru

Америкалық DARPA агенттігі 2010 жылы ұзындығы 40 метр кеме тәріздес квадрокоптер құрастыруды бастады. Су астында жүзетін кемелерді іздеуді мақсат ететін дрон салмағы 140 тонна болмақ. DARPA ғалымдары берген мәліметке орай, су асты дронының 90% құрылысы біткен. Аппараттың теңіздегі алғашқы сынағы келесі жылдың ақпан айында басталады. DARPA бұл жобаны Пентагон (АҚШ Қорғаныс министрлігі) тапсырысы бойынша жасап отыр.

Өзін-өзі басқаратын алып кеме ACTUV атауына ие болған. Ғалымдар оны тәжірибе жүзінде екі жыл бойы сынақтан өткізеді. Сынақтан өткен дрон бірнеше ай бойы әртүрлі миссияны орындау үшін су астында  жүре алады.

ACTUV дронының басты мақсаты – су асты кемелерінің қозғалысын бақылау. Оның еңбек ақысы тәулігіне 15-20 мың АҚШ доллары көлемінде болмақ. Әзірге Пентагон алып су асты аппаратына қару орналастыруды жоспарлап отырған жоқ. Ресми ақпаратқа орай, ACTUV айтарлықтай үлкен салмақтағы жүкті тасымалдай алады.

Ж. Өрісбай