Ноутбуктерге арналған 10 терабайттық флеш-жинақтағыш шығарылады

Ноутбуктерге арналған 10 терабайттық флеш-жинақтағыш шығарылады

Micron Technology компаниясы ноутбуктерді 10 Тб-тан астам сыйымдылықпен қамтамасыз ететін флеш-жинақтағыш шығаратындығын жария етті, – деп жазады 24.kz.

Newsru.com сайтының хабарлауынша, бұл жаңа технология Intel компаниясы инженерлерінің қатысуымен жасалған. Оның негізі бір-бірінің үстіне қондырылған көптеген ұяшықтардан тұрады.

Жұмыс барысында мамандар сол әдіспен ұяшықтардың 32 қабатын орналастырған. Сол арқылы олар жинақтағыш құрылғы жадын 32 Гб, содан соң 48 Гб-қа дейін арттырыпты. Ал шығарылуы жоспарланып отырған 10 Тб-тық жинақтағыштар небары 6 сантиметрлік флеш-дисктермен көлемдес болады. 

Сыйымдылығы зор мұндай құрылғылар нарықта келер жылдан бастап пайда болады.

сурет: fonwall.ru

Е. Қайрахан