CES 2015. LG OLED-4K-теледидарларын таныстырды

CES 2015. LG OLED-4K-теледидарларын таныстырды

Квантты нүктелер технологиясының кең өріс алып келуіне қарамастан, LG компаниясы OLED технологиясы негізінде жасалған теледидарларын шығаруды доғарар емес. Осы орайда өндіруші аталған көрмеге бірнеше өнімін алып келіпті.

Оңтүстіккорейлік компания Лас-Вегасте өтіп жатқан көрмеде 4К сападағы көрсетілімге ие OLED-теледидарларын таныстырды. Айта кетсек, Art Slim теледидары тіреуішсіз көкте қалқып тұруымен көзге түсті. Оның ауадағы магниттік өрісі тепе-теңдікті сақтайды екен. Одан бөлек өнімдер әр түрлі өлшем мен дизайнға ие теледидарлар сериясын қамтып отыр.

Сондай-ақ, LG компаниясы жаңа OLED-теледидарларынан сапалы дыбыстың шығуы үшін, оның акустикасына ерекше мән беріпті. Оның дамуына Harman/Kardon компаниясы серіктес болған.

Әзірге жаңа концепті өнімдердің бағасы айтыла қоймады. Дегенмен оның құны кем дегенде 10-15 мың АҚШ доллары көлемінде болары анық.

Оқи отырыңыз:

CES 2015 көрмесінде қандай техно өнімдер таныстырылмақ?

Сурет: worldwidegadget.blogspot.com

Ж. Өрісбай