Windows-планшеттер 12 000 теңгеден сатылады

Windows-планшеттер 12 000 теңгеден сатылады

Жалпы кез келген гаджеттің бағасын  қымбаттататын оған орнатылған микрочип пен арнайы бағдарламалар. Егер де Intel компаниясы өз чиптерін арзандатса, ал Microsoft өзінің Windows пакетін тегін қондыратын болса, аппарат су тегін болып шыға келеді. Гонгконгта өткен HKTDC көрмесінде планшеттер дәл осындай арзан болды.

Көрмеге қойылған Emdoor EM-I8170 планшеті небары 400 юань (65 $) тұрады екен. Бұл аппарат 7 дюймді дисплейге ие және 1 ГБ оперативті, 16 ГБ қосалқы жадпен жабдықталған. Планшет төрт ядролы Intel Atom Z3735G Bay Trail процессорымен жұмыс істейді.

Келтірілген мінездемесіне қарап, құрылғының қарапайым планшет екенін көреміз. Дегенмен, Emdoor EM-I8170 планшетін сатып алушыға Windows оперативті жүйесінің толық өнімі қоса беріледі. Бұл оның аналогы Amazon Kindle-ден екі есе арзан болмақ.

Айта кеткен жөн, аталған планшетке ұқсас өнімді Ployer компаниясы да HKTDC көрмесіне қойыпты. Оның да бағасы осымен бірдей. Дегенмен, Ployer жасаған планшеттердің экраны 8 дюймді. Ал процессорын Intel компаниясы жасаған.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.gadgetblog.ru

Ж. Өрісбай