Vertu тағы бір қымбат смартфон шығарды

Vertu тағы бір қымбат смартфон шығарды

Vertu гаджеттерінің қатарында жаңа гаджет пайда болды. Әдетте аталған компания өнімдері өте қымбат болып келеді. Дегенмен, ғаламтордары расталған ақпарат көздеріне сенетін болсақ, мына шыққан смартфон орта таптағы ауқатты тұлғаларға арналып шығарылыпты.

Aster деп аталатын бұл смартфонның шыққанына, расында, қуанудың қажеті шамалы. Оның бағасы компанияның өзге девайстарымен салыстырмалы түрде арзандаған. Смартфонның негізгі нұсқасы 6900 АҚШ долларына бағаланып отыр.

Смартфонды құрастырушылар аталған бағаға лайық нені ұсына алады?

Смартфон жақұтпен көмкерілген 4,7 дюймді дисплейге ие. Сондай-ақ, Snapdragon 801 төрт ядролы процессорымен жұмыс жасайды. Негізгі камерасы 13 Мпк сапамен суретке түсіре алады.

Смартфонның мінездемесіне мән берер болсақ, қарапайым смартфондардан оның еш айырымы жоқ. Компания оның титанды корпусына басымдылық білдіріп тұр.

Одан бөлек, Vertu өз тұтынушыларына көптеген жеңілдіктерді ұсынып отыр. Айта кетсек, смартфонды сатып алушыларға Kaspersky Mobile Security антивирусына лицензия және Silent Circle криптографиялық қызметіне жылдық абонемент беріледі. Сонымен қатар, Wi-Fi iPass интернет нүктесіне әлемнің кез-келген жерінде қосылу мүмкіндігі де қаралған.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.gadgetblog.ru

Ж. Өрісбай