Google-сағат

Google-сағат

«Google» іздеу жүйесі қазіргі кезде баршамыздың ортақ көмекшіміз. «Google» жайлы біз сізді мына мақалада таныстырған болатынбыз. «Google» жайлы тағы не білеміз? Жауап іздеп көрейік.

Бүгінгі таңда «Google» компаниясы операционды жүйелерді жобалап, оларды көптеген қол компьютерлер мен ұялы телефондарға орнатады. Бұған қоса, компания интернет-қызметтерді көрсетіп, электроника саласына үлкен мән беріп жатыр. Осылайша, электроника нарығындағы Nexus смартфондарының сатылуы күн санап өсіп, келешекте қол компьютерлері шығарылмақ. Сондай-ақ, «Google» Modify Watches компаниясымен бірігіп, өздерінің жеке қол сағаттарының өндірісін бастады.

«Google» сағаттарын технологиялық дағдарыс нәтижесі деп айтуға болмайды. Алдымызда қарапайым сағат қана. Сағаттардың екі өлшемі бар. Оларды еркек те, әйел де, кәрі де, бала да таға алады. Бұған қоса, Chrome мен Android ОЖ-дің белгісі бар сағаттар сатылымға шықты.


Сағат тот баспайтын болат пен поликарбонаттан жасалған. Оның суға төзімді корпусы 3 атмосфер қысымға, яғни, 30 метр тереңдікке дейін төтеп бере алады. Гуглдің жаңа өнімі $59,95-ға бағалануда. Үстіне $12,90 қоссаңыз, қосымша бауды сатып аласыз.

Сағатты Google Store ресми интернет-дүкенінен сатып алуға болады.

Сурет: only-se.ru