Google смартфондарды сынап тастады

Google смартфондарды сынап тастады

Google құрастырушысы Сергей Брин смартфондарды «керексіз шыны сынықтары» деп айтып салды. Ол бұл туралы Лонг-Бичте TED конференциясында сөйлепті.

«Тұрасың да, еш пайдасы жоқ шыны сынығын түртпектейсің» - дейді Брин конференцияға қатысып, телефонына үңілгендерге. «Технология, ойын-сауық, дизайн» («Technology Entertainment Design») деп аталатын конферецияда аталған миллиардер танымал гаджеттер туралы сөзінде «emasculating» деген терминді пайдаланады. Бұл сөздің мағынасы – «әрекет етуге кедергі».   

Айта кету керек, Google табысының соңғы жылда 16 пайызға өсуінің себебі осы гаджеттер болып отыр. Конференцияда Google компаниясы Glass көзілдіріктерін таныстырды. Көзілдірікті Android басқаруында камера мен дауыстық хабарламалар қамтыған.

Google бұған дейін Glass көзілдіріктерін сынақтан өткізгенін хабарлап еді. 1500 долларға сатылғалы отырған көзілдіріктерді 2013 жылдың аяғында көре аламыз. Брин мырза нарыққа шыққан соң көзілдіріктердің құны түсетінін айтып өтті.

Дайындаған Ардақ Құлтай

Сурет: forumotion.com

А. Құлтай