Fly IQ451 Vista: 4 ядролы смартфон

Fly IQ451 Vista: 4 ядролы смартфон

Fly компаниясы өзінің тұңғыш 4 ядролы IQ451 Vista смартфонын ұсынды. Аппарат 1,2 гигагерц жиіліктегі MTK6589 процессорымен жұмыс жасайды. Оперативті және интегралды жады 1 және 4 ГБ. Яғни MicroSD картасының сыйымдылығы 32 Гб. 

5 дюймды сенсорлы экранының мүмкіндігі - 720×1280 нүктелі. Фронтальды камера 2 мегапиксельді болса, ал Full HD форматындағы бейнені қолдайтын камера мүмкіндігі 8 мегапиксель. 

Смартфон Wi-Fi (IEEE 802.11b/g/n) және Bluetooth 4.0 сымсыз байланысын қолдана алады. Сондай-ақ GPS қабылдағышы да бар. Өлшемі 144×74×10,7 мм, ал салмағы 150 грамм. 

IQ451 Vista моделі GSM 900/1800 МГц және WCDMA 900/2100 МГц желілерінде жұмыс жасауға арналған. Және бір артықшылығы ол екі сим-картаны бірдей қолдай алады. Аккумулятор қуаты сөйлесу кезінде бес сағатқа жетсе, күту режимінде ол 400 сағатты құрайды.  

Жаңа өнім саудаға осы айдың соңына қарай шықпақ. Бағасы 65 000 теңге төңірегінде. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: nomobile.ru

Б. Қосмағамбет