Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Адам тәрізділер

Адам тәрізділер

Адам тәрізділер

Баспалдақпен жүре алатын, даяшы болатын, скрипкада ойнап, сөйлей алатын ресейлік, кореялық, еуропалық, америкалық және де жапондық роботтарды назарларыңызға ұсынамыз.

ASIMO, Жапония

Компания 30 жыл бойы дамытып келе жатқан робот. Оның қазіргі нұсқасы – 11-е.  Бұл робот ең «ақылдылардың» бірі. Қаңқасы магнийден жасалған, сағатына 6 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады, ондаған дауыс әмірлері мен ишараттарды тани алады. Адамға зат әперіп, қолынан ұстауды біледі. Сатылмайды, бірақ жалға беріледі.

Жасап шығарушы: Honda Motor Company

Petman, АҚШ


Ең тез және адам сияқты қимылдайтын робот. Қиын жерлермен жүре алады. Кедергілерден өте алады, жорғалау, жаттығу жасау функцияларымен жабдықталған. АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен жасалған. Коммерциялық түрде қолданбайды.

Жасап шығарушы: Boston Dynamics

LS3 (Legged Squad Support Systems), АҚШ


Робот әскери міндеттемелерде ғана қолданылады. Белгіленген көшбасшының артынан еріп немесе GPS арқылы белгіленген жерге өзі жете алады. Ойлы-қырлы жерлерден қиналмай өте алады. АҚШ қорғаныс министрлігінің тапсырысымен жасалған. Жанармай қоры 32 шақырым жерге және тәулігіне 24 сағат қызмет етуге жетеді.

Жасап шығарушы: Boston Dynamics

Hubo, Оңтүстік Корея


Адамның бет-әлпетін есте сақтап, тани алады. Адам қимылын қайталау функциясымен жабдықталған. Екі дөңгелекті скутерді айдайды. Тас үйінділерінен өте алады.

Жасап шығарушы: Korea Advanced Institute of Science and Technology

NAO, Франция


Адамға өте ұқсас робот: әлем бойынша үш мыңнан астам данасы сатылған. Бағдарламалауды үйретуге кеңінен қолданылады. Роботтың орташа бағасы 10 000 евро. Футболдан роботтар арасында өтетін әлем чемпионатында да қолданылып келеді. Сонымен қатар, ол жатқан күйінен өз бетінше тұра алады.

Жасап шығарушы: Aldebaran Robotics

Violin Playing Robot, Жапония


Робот-әйел ретінде таныстырылған роботтардың бірі.  Қол қимылының туралығы соншалық, скрипкада еш қатесіз ойнай біледі. Бірақ, айқын емес.

Жасап шығарушы: Toyota Motor Corporation

AR-600, Ресей


Ресейлік жобалардың ішінде өндіру және дайын роботтарды сату кезеңіне жеткен жалғыз робот. Бұл жобаны жасауға 300 миллион рубль жұмсалған. Сағатына 3 шақырым жылдамдықпен жүреді және де өз бетінше баспалдақпен көтеріліп, түсе алады. Оны қолға экзоскелет кию арқылы басқаруға да  болады.

Жасап шығарушы: «Андроидтық техника»

Repliee, Жапония


Басты ерекшелігі адам мимикасын келтіре алуында. Адамның сөйлеген сөзін, ымдауын байқап біліп, жанасуды сезінеді, диалог құра алады. Танып, жоғалған заттарды іздейді. Ал оның силиконды беті адам терісіне ұқсаған.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет:mirfactov.com

Видео: youtube.com 

1408 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 12 ақпан 2013, 15:33
Пікірлер
+0
12 ақпан 2013, 15:54

соңғысы ұнады. сөйлесіп тұруға жақсы екен

+0
12 ақпан 2013, 19:19

түрі де әдемі екен десеңізші)

+0
12 ақпан 2013, 16:02

Скрипкада қатырып ойнып тұр ғой анауың :D

+0
12 ақпан 2013, 16:03

Маған ASIMO(Жапония) мен NAO(Франция) ұнады!

+0
12 ақпан 2013, 18:08

50 жылдан кейін роботтар жүрек салып тіпті балалайды десе таң қалмас едім. содан кейін адамға бағынбай соғысатын болар кинодағыдай. ғылымның қарқынды дамуынан қорқайын дедім :(

+0
13 ақпан 2013, 16:19

Қорқам

+0
13 ақпан 2013, 18:12

ужссссссссссс

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...