Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Редакция таңдауы: Panasonic DMC - S1

Редакция таңдауы: Panasonic DMC - S1

Редакция таңдауы: Panasonic DMC - S1

Қазіргі кезде фотоаппарат әрбір үйде бар десек еш қателеспейміз. Той-томалақ, думанды кештерді есімізге сақтауға осы фотоаппарат көмектеседі емес пе? Редакциямыз Panasonic DMC - S1  фотоаппаратын сынақтан өткізіп, бұл құрылғы жайлы өз пікірін сізге ұсынбақ.

Алғашқы танысу

Алдарыңызда Panasonic компаниясы шығарған "S" топтамасының DMC - S1 қолжетімді үлгісі. Осы үлгі өз бәсекелестерінен көзтартымды дизайнымен және LUMIX деп үлкен әріптермен жазылған сөзбен көзге түседі. S1 үлгісі берік және сапалы пластиктен жасалған, бұған қоса құрылғының өлшемдері кішкентай болғандықтан, оны қалтаңызға салып, әрдайым өзіңізбен алып жүруіңізге болады. Осы үлгінің ең басты артықшылығы - 660 мас аккумуляторлы батареясы. Енді той немесе басқосу басталар алдында саусақты батареяларды сатып алу үшін асығып-үсігіп дүкенге жүгірудің қажеті жоқ. Батареяны қорек көзімен зарядтайтын құрылғыға салсаңыз болғаны.

Құрылғының дизайны көзтартарлық


2,7 дюйм дисплей қолданушы көңілін бірден өзіне тартып алады

Фотоаппаратпен бірге бағдарламасы бар CD, ақпаратты компьютерге тасымалдауға арналған USB сым, қолға арналған бау, зарядты құрылғы бірге беріледі.

Фотоаппараттың маңдай бетінде жарықтандыру шамы мен микрофон орналасқан болса, жоғары қырында қосу/өшіру мен түсіру пернелері бар. Сол жақ қырында USB сымды қосуға арналған интерфейс пен қол бауын өткізуге тесік жасалған. Төменгі жағында аккумуляторлы батарея мен SD жады карталарына арналған ұяшықтар.

Түсіру, қосу/өшіру пернелері

USB тіркеуіші арқылы суреттерді компьютеріңізге жүктей аласыз

Жады қартасы мен батареяға арналған ұяшықтар

Құрылғының пернелеріне көз қырын тастасаңыз, бәрі де түсінікті. Және де функциялардың сан алуан санында еш қателеспейсіз. Артқы жақтың үлкен бөлігін 2,7 дюймілі дисплей алып жатыр. 

Функционалдылығы

Жаңа S1-дің сырты қандай керемет болса, іші де соған сай екен. Құрылғының негізінде 12,1 Мп-ді CCD матрица жатыр. Бұның көмегімен 4000*3000 пиксельді сурет түсіре аласыз. 28 мм фокус арақашықтығы бар объективтің арқасында үлкен жиындағы қалың жұрт пен керемет көзтартарлық пейзаждарды түсіруге мүмкіндігі пайда болады. Ал 4 есе жақындататын оптикалық ZOOM алыста орналасқан заттарды жақындатып түсіруге арналған. Бұған қоса, құрылғыда оптикалық тұрақтындарғыш фото түсіру барысында қолды дірілдетпей, сурет сапасының мейлінше жақсы болуына кепілдік береді. Қораптың сыртында 720р деп жазылғанымен, бұл құрылғы HD сапалы бейнені түсіре алмайды екен. Енді сіз не күтіп едіңіз, заманауи кәсіпқой фотоқұрылғылардың өзі бұндай көрсеткіштермен мақтана алмайды.


Пернелердің функционалдылығында еш қателеспейсіз

Мүмкіндіктері

Енді құрылғының мүмкіндіктерін сынап көрейік. 12,1 Мп-ді  CCD матрицаның көмегімен түсірілген фотолардың бірнешеуін сізге ұсынайық.

Портрет тәртібінде түсірілген сурет

Стандартты тәртіпте түсірілген сурет

Қорытынды

Қорыта айтқанда, бұл құрылғы сапасы жаман емес суреттерді түсіруге мүмкіндік беріп, жадыға жазылған бейненің қанағаттанарлық сапасымен көзге түседі. Бұл үлгі әуесқойларға арналғанымен, сапасы өте керемет суреттермен мақтана алады. Егер сіз арзан әрі функционалдылық пен сапаның керемет қатынасын іздесеңіз, жоғарыда айтылған үлгі керемет таңдау болатыны анық.

Форумда талқылау

Суреттер massaget.kz

477 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 27 ақпан 2012, 15:21
Пікірлер
+0
27 ақпан 2012, 19:15

нәрмәльній фотоаппарат сияқты ғой

+0
27 ақпан 2012, 19:24

Таныс болыңыздар - Мақсат! ))))

+0
27 ақпан 2012, 19:25

уау ) күшті түсіреді екен ғой )

+0
27 ақпан 2012, 19:27

ммм...Осындай фотоаппарат алам ғой дим...

+0
27 ақпан 2012, 19:50

Мен де ойланып жүрген ем, қандайын алсам екен деп.

+0
27 ақпан 2012, 21:30

алып көріңіз, кейін бізге пікірлеріңізбен бөлісуді ұмытпаңыз

+0
27 ақпан 2012, 20:14

Мақсат деген жігіт симпа екен, қап, кетіп қалғанымды-ай массагеттен)))))))))))))))))))))Қайр, жақсы екенматериал. Әттең,сони фотик алып қойып ем...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...