Ең өтімді Apple девайсы анықталды

Ең өтімді Apple девайсы анықталды

Apple компаниясы өз өнімдері арасынан ең өтімдісін атады. Ол iPad планшетті компьютері екен. Осы компания өнімін таңдаған сатып алушылардың 25% дәл осы девайсты сатып алады екен. 

Apple осы уақытқа дейін 67 миллион планшет сатқан екен. Осы нәтижемен Apple әлемдегі ең өтімді планшет сатушы компанияға айналып отыр. Өткен жылы әлемде сатылған 60 миллион планшеттің 40 миллион данасы дәл осы Apple-ге тиесілі екен. 

2013 жылы компания жеткен жетістігін бірнеше есе ұлғайтуды жоспарлап отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: 3dnews.ru

Б. Қосмағамбет