Ғалымдар Жерге ұқсас 17 миллиард ғаламшар тапты

Ғалымдар Жерге ұқсас 17 миллиард ғаламшар тапты

Астрономдар біздің Галактикада Жер шарына ұқсас 17 миллиард ғаламшар бар екенін мәлімдеді. 

Астрономдардың айтуынша, америкалық NASA ғарыш агенттігінің "Кеплер" телескопы Құс жолындағы жұлдыздардың бір бөлігін зерттеген екен. Қорытындысында әр алтыншы жұлдыз Жер ғаламшарына ұқсас екендігі анықталды. Осы мәліметтерді негізге ала отырып, ғалымдар Галактикада Жер пішіндес 17 миллиардтай ғаламшар бар деген қорытындыға келіпті.  

Бірақ олардың көпшілігі судың жоқтығы мен температураның тым жоғары болуына байланысты адамзат өмір сүруіне жарамсыз көрінеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: fishki.net

Б. Қосмағамбет