- Негізгі бет
- Шолу
- Қытайда әлемдегі ең...
Қытайда әлемдегі ең ұзын жоғары жылдамдықтағы темір жол ашылды
Әлемдегі жоғары жылдамдықтағы ең ұзын темір жол магистралі Қытай елінде іске қосылды. Темір жол Бейжің мен оңтүстіктегі шаһар Гуанчжоу арасын жалғайды.
Жалпы темір жол құрылысы 2008 жылы басталған еді. Оның ұзындығы 2298 шақырымды құрайды. Темір жол үстімен жүйткитін пойыздардың орташа жылдамдығы сағатына 300 шақырым болып отыр.
Осы жасанды құрылыстың ашылуы арқасында Қытай астанасы мен Гуанджоу аралығындағы уақыт 20 сағаттан 8 сағатқа қысқаратын болды. Алғаш болып аттанған құраммен бірге Ханчжоу мен Сиань арасында да жаңа темір жолмен жолаушылар пойызы сапарға шықты.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: novosti116.ru
Б. Қосмағамбет