Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Жер маңынан ұшып өткен астероидтың суреті жарияланды

Жер маңынан ұшып өткен астероидтың суреті жарияланды

Жер маңынан ұшып өткен астероидтың суреті жарияланды

Голдстоун обсерваториясының астрономдары 11 желтоқсанда Жер маңынан ұшып өткен астероидты суретке түсіріп алды. Нысанның Жерден қашықтығы 7 миллион шақырымды құраған. NASA астрономы Ланс Беннер: "Жер шары үшін астероид ешқандай қауіп төндіре алмайды. Бірақ астрономиялық қашықтық жағынан бізге барынша жақын болды",-дейді.  

Голдстоун радары астероидты 22 желтоқсанға дейін бақылайтын болады. 

Toutatis аталған аспан денесі астрономдарға бұрыннан танымал. Ол ғаламшарымыздың маңынан әр 4 жыл сайын өтеді екен. Оның ұзындығы 4,5 шақырым. Ғалымдар оны ең қауіпті астероидтардың біріне санап отыр. Дегенмен ғалымдардың сөзіне сенсек, ол алдағы 100 жылда Жер шарына ешқандай қауіп төндіре алмайды екен. 

Жаңа радар астероидты бұрынғы суреттерден 5 есе жоғары сапамен түсіріп алуға мүмкіндік берді. Toutatis формасы жағынан арахиске өте ұқсас. Ғалымдар оның себебін бірнеше аспан денелерінің синтезінен пайда болғандығынан деп түсіндіреді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

1802 7
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 13 желтоқсан 2012, 14:12
Пікірлер
+0
13 желтоқсан 2012, 14:36

Бара-бара жақындап келеді... Әйтеуір жанай өтіп, жоғалса болар...

+0
13 желтоқсан 2012, 14:47

адамдарды қорқытқан кейде дұрыс па деп қалам. Себебі, бұл адамдар күн сайын жан-жақты жалмап, түк қоймай келе жатыр ғой. Ақырзаманның бір белгісі ретінде осы суреттер арқылы тәубеге келіп тұрғанға не жетсін!!!

+0
13 желтоқсан 2012, 15:06

ол 11-желтоқсанда ұшып өтіп кеткен жоқ па еді? жоқ, әлі келе жатыр ма?

+0
13 желтоқсан 2012, 15:32

сонда 4 жыл сайын қанша км ға жақындайды екен?

+0
13 желтоқсан 2012, 16:21

уау

+0
13 желтоқсан 2012, 21:02

ал 100 жылдан кейін келеді ма сонда ?, НАСА ешқашан нақты ақпарат берген емес, жәй болжамғой, 6 қабат аспанның арғы жағында не болып жатқанын білу мүмкін адамдарға

+0
14 желтоқсан 2012, 14:29

Сәлем саған, сәлем саған - Астероид!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet
Сіз сенер ме едіңіз?
Сіз сенер ме едіңіз?

Ал ол сенеді... Өйткені...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Егер сіз дүниеге келмегенде...
Егер сіз дүниеге келмегенде...

Жабыққан сәтте жадыңда ұста!!!

Бізге вайн қажет пе?
Бізге вайн қажет пе?

Вайн тарихы.Вайнерлер турасында.

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...