NASA жаңа марсоход құрастыратын болды

NASA жаңа марсоход құрастыратын болды

АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі жаңа марстық жоспарымен бөлісті. Қызыл планетаға жаңа марсоход жіберуді жоспарлап отыр. Аппарат 2020 жылға қарай ұшырылады деп айтылады. Ал 2016 жылы басқа бір, шағын "InSight" атты аппарат Марсқа аттанбақ екен.  

Бұдан бөлек, NASA мамандары Еуропа ғарыш агенттігінің ұйымдастыратын ExoMars жобасына да қатысады. Ең қызығы NASA 2030 жылға қарай Марсқа алғашқы астронавттарды ұшыруды жоспарлап отыр. 

Жаңадан құрастырылатын марсоход Curiosity базасында жасалады. Бұл оған жұмсалатын қаржы көлемін едәуір азайтпақ. Мысалы, қазіргі кезде Марс бетінде жүрген "Curiosity"-ге 2,5 миллиард доллар жұмсалса, жаңа аппарат 1,5 миллиард доллар тұратын болады.  

 

Дайындаған: Болат Қосммағамбет

сурет: photo-day.ru

Б. Қосмағамбет