Көзбен "суретке түсір"!

Көзбен "суретке түсір"!

Жақында ғана ғалымдар сандық фотокамераның жаңа жобасын ұсынды. Алда-жалда жүзеге асатын қондырғыға көздің тікелей қатысы бар екен. Яғни жаңа жобаны дұрыс шоғырландыру мен бейнелерді танып-білуге биометрлік технологиялар қолданылмақ. Бәрі де қарапайым әрі оңтайлы түрде: қалаған дүниеге камераны бағыттайсыз, көзді сығырайту арқылы жақындатасыз, содан соң түсіру үшін көзді ашып-жұмсаңыз, жетіп жатыр. 

Фотоаппарат автоматты түрде әр адамға қатысты биометрлік ақпараттарды сақтай алады. Және сол арқылы адам түрін болашақта суретке түсіру мүмкіндігі туады. Сырттай қарағанда камера иілген линзаға ұқсас келеді. 

Айта кететін болсақ, суреттер Wi-Fi мен Bluetooth арқылы компьютерге жүктелмек. 

Қалай ойлайсың, дәл осындай қондырғының қолданысқа шығуы мүмкін бе?

сурет:review.lospopadosos.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига