Google-дың ішкі өмірі

Google-дың ішкі өмірі

Әлемдегі ірі IT-корпорациялардың бірі өзінің барлық дата-орталықтарының фотосуреттерін жариялап, қалың көпшілікке компания қабырғаларына экскурсия жасауды ұсынды.

Қазіргі таңда Google-дың әлем бойынша 8 дата-орталығы бар. Олардың алтауы АҚШ-та болса, қалған екеуі Еуропада. Гонконгта, Тайванда, Сингапурде және Чилиде де жаңа объектілердің салынып жатқандығын айта кетелік.

Фотосуреттерден заманауи техникалардың көркем табиғатпен үйлесім тапқандығын байқап көре аласыз. Аталған фотогаллерея бір уақыттары гаражда пайда болған компанияның қаншалықты өсіп, дамығандығы туралы баян етеді.

Жоғарыдағы видео-турдан компанияның ішкі атмосферасын бақылай аласыз. Жұмысшыларға жасалған жағдайды бағамдайсыз. Айта кетелік, көпшілік арасында кеңінен таралған пікір бойынша, компанияның орталықтарындағы жасалған жағдай өте керемет. Тіпті "жұмысшылардың жұмағы" деп те атауға болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: google.com