Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Көлік моторының майын тексеруді үйреніп алыңыз...

Көлік моторының майын тексеруді үйреніп алыңыз...

Көлік моторының майын тексеруді үйреніп алыңыз...

1. Мотор майының мөлшерін тексеру

Машинаны тегіс жерге тоқтатып, моторды қозғалтудан бұрын немесе қозғалтқаннан кейін 5-10 минуттан соң мотор майын өлшейтін сүмбі темірді алып, таза матамен сүртіп тастайсыз да, қайта орнына салып, тексересіз. Алып шыққаннан кейінгі темір ұшындағы май деңгейін бақылайсыз. Темір ұшындағы екі сызық ең төменгі және ең жоғарғы май деңгейін білдіреді. Жоғарыдағысы ең көп болғандағы, ал төменгісі тым аз болғандағы деңгей сызықтары. Темір ұшына жұққан май бұл екі сызықтың ортасында болғанда, мотор майының мөлшері қалыпты екендігін білдіреді.

Ескерте кететіні, мотор майының деңгейі тым жоғары болғаны да (жоғарғы сызықтың үстінде), тым төмен болғаны да (төменгі сызықтың астында) көлігіңіздің ақаусыздығына тигізер зияны зор. Сондықтан әр күні жолға шығар алдында бұл тексеруді әдетке айналдырып, бақылап отырғаныңыз абзал.

2. Мотор майының қысымы мен сапасын тексеру

Мотор қалыпты температурада оталып тұрғандағы мотор майының қысымы 128 kPa болуы керек. Мотор қалыпты жұмыс барысында мотор майының қысымы 300-400 kPa аралығында болады. Мотор майының қысым сағаты орнатылған машиналарда, мотор қозғалып тұрған мезетте қысым сағаты өшуі керек.

Моторды өшіргеннен кейін, мотор майын өлшеуіш сүмбі темірді суырып алып, темір ұшына жұққан майды қағазға тамызамыз да, аз уақыт өткен соң, мотор майының көнеру жағдайын тексереміз. Тамған мотор майы сүт реңді болса, майға өте көп мөлшерде су немесе суыту сұйықтығы араласқанын білеміз. Бұл көбінде моторға су түсіп кеткен жағдайда кездеседі. Егер қағаз бетіне көп мөлшерде металь ұнтағы немесе қара түсті шөкпе зат жиналса, мотордың жемірілгені мен мотор майының көнергенін білдіреді. Қағаз бетіндегі мотор майында бензин иісі күшті әрі мотор майы сұйық болса, майға көп мөлшерде бензин араласып, жабысқақтығы төмендегендігінен дерек береді.

Жоғарыдағы жағдайлар кездескенде, арнайы маманнан кеңес сұрап, мотор майын ауыстырып алғаныңыз, көлік моторының өзге де ақауларының алдын алады.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: 3at.ru

1061 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2012, 18:05
Пікірлер
+0
26 қыркүйек 2012, 18:28

Алшын, Аша Матайдың туысы емессің бе:? :lol:

+0
26 қыркүйек 2012, 19:55

Қайр, өзің көрінбейсің ғой? Ол оның туған інісі

+0
26 қыркүйек 2012, 20:18

Сәл артық болса да, кем болса да көлігіңіз "сырқаттанып" қалуы мүмкін. Сондықтан май ауыстырғанда көбіне орыстардан сұраңыз

+0
27 қыркүйек 2012, 01:35

козғалтқаннан кейін машинаны қыздырғаннан кейін майын қарайсын дейді басын жасамай ма машина қызып тұрғанда тексеруге болмайды майды машина ошип турганда карайсын тек

+0
27 қыркүйек 2012, 09:00

Машина алғанда оқимын бұл тақырыпты :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...