Студентке қажетті қосымшалар #2

Студентке қажетті қосымшалар #2
Фото: Yvision

Студент – ізденшуі. Ендеше ізденуші үшін көптеген құралдар қажет. Олар оның жұмысын жеңілдетеді. Осының алдында студентке керек қосымшалардың алғашқыларын сіздерге ұсындық. Келесі қатар тағы да толысты. Пайдаланыңыз, іске асырыңыз, еңбектің жемісін көріңіз.

TimeTable 
Күнделіктің қажеті жоқ! Лекциялар мен семинарлардың күнтізбесі енді ыңғайлы қосымшада сақтаулы тұр. 

iStudieZ Pro 
Студенттің өмірін жоспарлауға, реттеуге бағытталған қосымша. Тиянақты дизайн мен көпфункционалдылығы қолданушыға көп мүмкіндік береді. 

Panecal (Ғылыми калькулятор) 
Аталмыш калькулятор күрделі тапсырмалар мен есептерді шешуге арналған. Бірнеше есеп операцияларын орындай алады. Нағыз ғылыми калькулятор. 

Шпаргалка: Материалдар кедергісі 
Материалдар кедергісі пәні бойынша жасалған ыңғайлы шпаргалка-анықтама. Бұрынғы техникалық мамандық студенттері мұндайды көрмегені анық. 

Химия 
Тек химия ғылымына арналған, алайда өте пайдалы анықтама. Менделеев кестесі, ерігіштік кестесі, өзге де тұрақты көрсеткіштермен қамтылған қосымша. 

Бас қатырғыш оятқыш 
Android базасына арналған оятқыш. Бас қатырғышты шеше отырып, икемді баптау тетіктерін пайдалана отырып, оятқыш бәлені «ойыннан шығарасыз». 

Өзін-өзі басқару 
Әлеуметтік желіге деген басыбайлық көп адамды уақытынан, қажетті ісінен қағары сөзсіз. Сабағыңыз мен ісіңізге кедергі келтіретін мұндай «кінәлі» желілер мен сайттарды аталмыш қосымша арқылы уақытша құлыптап тастай аласыз. Тіпті гаджетті қайта жүктесеңіз де бұл команданы жуық уақытта қайтара алмайсыз. Бәрі де әділ!

М. Ақан