Цукербергтің қарындасы Google-да жұмыс істейтін болады

Цукербергтің қарындасы Google-да жұмыс істейтін болады

Facebook-тің негізін қалаған Марк Цукербергтің қарындасы  Ариэль Цукерберг (Arielle Zuckerber) Google-да жұмыс істейтін болды. Бұл туралы The Business Insider хабарлады.

Қазіргі кезде Ариэль Цукерберг Wildfire стартапында кіші менеджер болып қызмет атқарып жатыр. Wildfire әлеуметтік желілерде маркетингтік компанияларды басқару үшін платформа дайындаумен айналысады. Дегенмен Google-дің Wildfire-ді сатып алатындығы айтылғаннан кейін, стартаптың 400 қызметкері корпорацияның құрамына кіретіндігі белгілі болды.

Айта кетелік, Марк Цукерберг бұдан бұрын қарындасына Facebook-те бірлесіп жұмыс жасауды ұсынған болатын. Дегенмен Ариэль одан бұл ұсыныстан бас тартқан еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kursiv.kz