Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / 2011 жылғы топ 10 гаджеті

2011 жылғы топ 10 гаджеті

2011 жылғы топ 10 гаджеті

1.Ipad 2

Бұл Apple компаниясының қол компьютерлерінің әйгілі жалғасы. Алғашқы екі апта ішінде 5-9 миллион данасы сатылғанына қарамастан, сатылулардың қарқыны күн санап өсуде. Бұл құрылғының көмегімен аудио, бейне файлдарды ашып, интернеттен түрлі ақпараттарға қол жеткізуге болады. Сымсыз технологиялардың көмегімен дүние жүзінің кез келген түпкіріне қоңырау шалып, ғаламтордағы қалаған веб-сайтқа кіре аласыз. Бірақ, бағасы қымбат болғандықтан, сатып алушылар альтернативті құрылғыларға көңіл бөлуі әбден мүмкін. 

 

2.  Samsung Galaxy S2

Телефондар жайлы әңгіме қозғайтын болсақ, 2011 жыл Android үшін өте сәтті өткенін ескеру керек. Google компаниясының мобилді бағдарламалық жүйесі 9 айдың ішінде 9 миллион құрылғыға жүктеліп, Android-ы бар смартфондардың 44 % құрап отыр. Осындай мүлтіксіз дизайнымен ерекшеленетін смартфондардың қатарын 2011 жылы құрастырылған Samsung Galaxy S2 толықтырып тұр. Iphone-ға қарағанда, Galaxy S2 ақпарат тасушылардың бірнеше түрімен үйлесімді жұмыс істеп, оның бірнеше түрлі жинақталуы бар. Жаңа смартфонның басты артықшылығы – дисплей. Күн сәулесі түссе де, экран беті жап-жарық. Бұған қоса, ол LCD экрандарынан жіңішке. Электр энергиясын да алдыңғы үлгіге қарағанда аз тұтынады. Атақты айфонға қарағанда, бағасы да салыстырмалы түрде қалта көтерерлік. Бір құрылғылар брендіне дағдыланбай, өзіміз үшін жаңалық ашқан, дұрыс та шығар. Қалай ойлайсыз?

3. 13 дюймді MacBook Air

Бұл құрылғының басты мақсаты - ақпаратыңызға лезде қол жеткізу. MacBook Air қарапайым ноутбуктардан ерекшелігі: ол барлық ақпаратты флеш-жадыға сақтап, мобилділіктің жақсы деңгейін көрсетіп тұрғанымен, сүйікті өлеңдеріңізді, бейне мен суреттерді сақтайтын орын аз боп тұр. Ақпарат жүктеудің жылдамдығы, нәзік дизайн мен кішкентай салмақ – құрылғы  бағасын толықтай ақтап тұр деп айтуға әлі де болса ерте.

4. Google TV Via Logitech Revue

Сымды теледидар дәуірі шарықтау шегіне жетіп, үйдегі теледидарларыңызды лақтырып тастап, сүйікті бағдарламаларыңызды интернет арқылы көрудің уақыты келді. Ақпараттық бағдарлама бірнеше құрылғыларға қолжетімді. Бірақ, қолданушылардың көбі Logitech Revue теледидарларға арналған қондырғыны таңдаса керек. Бұл қондырғы теледидар мен кабелді желінің ортасында орналасып, қосымша жалғауларды қажет етпейді. Егер сіз Google TV-ді қаласаңыз, интернетті шарлап қалаған бейнені тамашалай аласыз. Егер қарапайым сымды теледидар бағдарламаларын көрем десеңіз, баяғыша жайлы диванда отырып, алыстан басқару пульті арқылы сүйікті телехикаяларыңызды таңдай аласыз.

5. Google Nexus S

Google Nexus S смартфоны арнайы Google компаниясының тапсырысымен өңделіп, Android платформасының барлық жетістіктерін пайдалану үшін құрастырылған. Google  компаниясы қанша тырысқанымен, ойдағыдай жетістікке жете қойған жоқ. PowerVR SGX540 графикалық процессордың арқасында бейненің мүлтіксіз сапасын көрсетіп тұр. Осыған ұқсас жетістікке IPhone 4 қол жеткізген. Near Field Communication  атты технологияның көмегімен смартфон  плакаттар мен  баннерлерден арнайы ақпаратты оқи алады. Осындай технология қазір Ресейде енгізіліп жатқанымен, біздің елге жетем дегенше біраз уақыт кетеді.

6. Apple iPhone 4S

Apple компаниясы сатылулардың алғашқы 3 күнінде құрылғының 4 миллионнан астам данасын сатып, бұрын- сонды болмаған жетістікке қол жеткізіп отыр. 8 мегапикселді камераның көмегімен 1080 р бейнені түсірумен қатар, керемет сапалы суреттерге қол жеткізе аласыз. Экран шешуі 960*640 пиксель бәсекелестердің бірі де осындай жетістікке жақындай алмаған. Құрылғының алдында орын тапқан камера мен арнайы FaceTime атты бағдарлама арқылы қолданушылар бейне чатқа кіріп, қызу әңгіме жүргізе алады. Иә, iPhone 4S аңызға айналары сөзсіз. Бірақ, көптеген пайдаланушылардың құрылғының батареясына көңілі толмай, арыз-шағымды кімге жазуды білмей отыр. «Жақында бұл мәселені шешіп береміз» - дейді компания басшылығы.

 7. Toshiba Libretto

Бәріміз де екі дисплейлі, пернетақтасы жоқ лэптоп жайлы армандайтынбыз. Бұл арманымыз орындалған сияқты: Toshiba’s Libretto W100 екі 7 дюймлі экранмен жабдықталып, жайлылықтың деңгейін көрсетіп тұр. Toshiba компаниясы бұл компьютерді  халыққа «концепт-ПК» деп таныстырған. Бұл құрылғыны тігінен де, көлденеңінен де, тіпті кітап сияқты қолдануға болады. Toshiba компаниясының өнімі әрдайым керемет сапаға ие,бірақ, бұндай құрылғыны сатып алатын Қазақстандық тұтынушы табыла ма? 

8.Canon 1100 eos

Әңгімемізді камераларға қарай бұрсақ, биылғы жыл Саnon компаниясы үшін өте сәтті өтсе керек. Өйткені, компанияның жаңа үлгідегі камерасы жарық көріп, компания өнімі түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болған. Құрылғы 12,2 мегапиксельді CMOS датчигімен жабдықталып, қолданушыны баптауларымен қуантады. Тез әрі дәл жұмыс істейтін автофокустың арқасында шуыл деңгейі төмен болып, сурет сапасының әлдеқайда жоғары болуына кепілдік береді. Canon 1100 eos - керемет сурет  жасаудың хас шебері.

9. LG Optimus Black

2011 жылдың айтулы оқиғасы ретінде LG компаниясының Optimus Black атты смартфонының жарық көруін айтуға болады. Бұл құрылғы Android 2.2 О.Ж басқару негізінде жұмыс істеп, 1 ГГц-ті процессордың арқасында тезәрекеттіліктің жоғары деңгейін көрсетуде. Құрылғыда сымсыз технологиялардың бірнеше түрлері орын тапқан. Олардың көмегімен интернет желісіне қосылып, ұнатып отырған ақпаратыңызға қол жеткізе аласыз. Экран беті қосымша шынымен қапталғандықтан, құрылғы сізге ұзақ уақыт бойы сенімді еңбек ететініне сенеміз.

10. Olympus LS-20M

Егер сіз тілші болсаңыз, бұл құрылғы сізде міндетті түрде болуы тиіс. Бұл құрылғы диктофон  функциясын атқара отырып, HD сапалы бейнені де түсіре алады. Іштен орнатылған микрофон арқылы адам сөзін құрылғы жадына жазып, камеранын көмегімен шұғыл репортаж жасауға мүмкіндігіңіз туады. Жады карталары арқылы құрылғының жады көлемін үлкейтіп, арнайы таймердің көмегімен белгіленген уақытта дыбыс жазуға мүмкіндігіңіз бар. Olympus LS-20M – тілшілердің нағыз көмекшісі.

Суреттер gadgets.uviniit.com ifelko.de сайттарынан алынған

2627 5
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 05 желтоқсан 2011, 16:42
Пікірлер
+0
26 желтоқсан 2011, 17:17

Қандай заманда өмір сүріп жатырмыз десеңші...! Мынадай бәлекеттердің бәрі бар...:)

+0
27 желтоқсан 2011, 09:33

Маған 8-гаджет ұнап тұр, қалғанының қажеті шамалы

+0
02 қаңтар 2012, 14:13

Айпэд пен айфон керемет гаджеттер, ғаламторға шығып,ұнататын әндеріңді тыңдай аласың, бейнені де көруге болады

+0
03 қаңтар 2012, 22:40

адамдардың ойлап таппайтындары жоқ!

+0
09 қаңтар 2012, 17:42

фотоаппаратты айтшиш, кееремет, соткаға түсіре беру ұят болды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...