Hackaball - балаларға арналған "ақылды" доп

Hackaball - балаларға арналған "ақылды" доп

Стартап жобалар аясында Hackaball деген атауға ие ерекше смарт-құрылғы жасалды. Аталған жоба жеткілікті инвестиция таба алатын болса, жуырда жаппай сатылымға шықпақ.

Смарт-доп әмбебап үлгіге ие болған. Айта кетсек, доптың бағдарламалық құрылымын өзгерту арқылы оны әртүрлі ойындарда пайдалануға болады. Hackaball резинадан жасалған пластикалық корпуспен жабдықталған. Ол кез келген нысанға немесе жерге соқтығысуға икемді болып жасалған. Тіпті суға да бейімделген. Одан бөлек, "ақылды" доп дыбыс шығарып, түсін өзгерте алады.

Hackaball жобасына қызығушылық танытқандар саны көбейіп келеді. Себебі баланың көңілін аулайтын смарт-доп үлкендердің демалуын қамтамасыз етеді. Алдын ала тапсырыс беру бағасы - 69 АҚШ доллары. Ал ең алғашқы сатылымы ағымдағы жылдың соңына жоспарланған. 

Сурет: www.fastcodesign.com

Ұқсас жазбалар: 

Toshiba жаңа смарт-көзілдірік шығарды

Кеңсе жұмысына арналған смарт-үстел шығарылды (Видео)

Қытайлық Xiaomi компаниясы смарт-кроссовкі шығарады

BMW көліктерін смарт-көзілдірікпен басқаруға болады

Ж. Өрісбай