Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Twitter-ден Facebook-ке трансляциялау процесі өзгерді

Twitter-ден Facebook-ке трансляциялау процесі өзгерді

Twitter-ден Facebook-ке трансляциялау процесі өзгерді

Twitter қолданушыларының Facebook-ке трансляцияланатын микроблогтарындағы ақпарат көлемі артты. Бұл туралы сервистің сайтында хабарланды. 

Хабарламада: "Біз Twitter мен Facebook интеграциясындағы кейбір шешілмей келген проблемаларды шешіп, халыққа ұсынып отырмыз", - делініпті. 

Естеріңізде болса, осыдан біршама уақыт бұрын, Twitter қолданушыларына жариялаған хабарламаларын Facebook-ке трансляциялау мүмкіндігін ұсынған болатын. Дегенмен, Facebook қолданушылары жарияланған хабарламалардың авторы туралы, микроблогта сөз болған басқа қолданушылар туралы жан-жақты мәлімет ала алмайтын еді.

Бұдан былай ретрансляцияланған хабарламаларда сервистің қайбір қолданушысы сөз болса, сол қолданушының туиттердегі профиліне сілтеме арқылы өтуге болады. Хабарламада хэштег еленген болса, сол хэштегтегі басқа хабарламаларды да сілтеме арқылы көріп-білуге болады.

Сонымен қатар, фотосуреттерді ретрансляциялау процесі де аздаған өзгеріске ұшырады. Бұрын Twitter қолданушыларының енгізген фотосуреттері Facebook-те дәл сол күйі жарияланса, бұдан былай қолданушының фотогаллереясына өтуге мүмкіндік болады.

Twitter өкілдерінің айтуынша, жаңа функцияларды активациялау үшін сервис қолданушылары  Facebook-тегі профилімен байланысты үзіп, қайта қосу керек. 

Естеріңізде болса, бұдан бұрын Twitter-дің логотипінің өзгергендігі туралы айтқан болатынбыз.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: gizmodo.com

2693 4
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 12 маусым 2012, 13:11
Пікірлер
+0
12 маусым 2012, 14:23

ақпарат көлемі артқаны дұрыс, бірақ... :idea:

+0
12 маусым 2012, 14:40

Туиттер мен фэйсбуктің "байланысқанын" құп көрмеймін. Бәрібір аудиториялары сәл-пәл бөлек :roll:

+0
13 маусым 2012, 12:24

иа, бұл өзгерісті көріп те үлгердім өткенде. дегенмен, бұл екі сервис бір-бірін бәсекелес көрмейтін сияқты :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...