Жасанды сана адамзат үшін қажет пе?

Жасанды сана адамзат үшін қажет пе?

Жасанды сананы қолданудың ұтымды жақтарын қаржы және транспорттық сегменттерде көріп жүрміз. Дегенмен, біз, адам баласы, дер кезінде оған шектеу қоя аламыз ба? Голливудтың «Робокоп», «Терминатор» немесе «Матрица» секілді фильмдері режиссердің кинематографиялық фантазиясын көрсетеді. Айта кетсек, аталған фильмдерде адам баласы тәжірибеде жоқ жасанды санамен жұмыс істейді. Жаңа технологияның дамуын үдемелеу арқылы микрочиптер мен кодтарды қан мен терге ауыстырып алмасақ болғаны.

Осындай қауіптің болашақта бар болуын Tesla және SpaceX компанияларының бас акционері Элон Маск өткен айда айтып кеткен болатын. Біздің нақты түсіне алмай жүргеніміз жасанды сананың жаңа технология емес, қара технология болуы мүмкін екендігі. Силиконды алқаптың Google және Facebook секілді компаниялары жасанды сананы қалыптастыру мен дамыту мақсатында қаржы бөледі екен, мүмкін болған қауіптің ұлғаюы да болады.

Спилбергтің фильмі қаншалықты шындыққа жанасады?

Фильмнің сапасына еш шүбә жоқ. Дегенмен, жасанды сананың тарихын есептеу техникасының шығу кезеңіне алып баруы тіпті жаңалық еді. Өткен ғасырдың 50 жылдарында ғалымдар есептеу машинасының дербес қабілетке ие болу мүмкіндігі туралы бас қатырған-мыс. Арада 64 жыл өткен болса да, бұл идея адам санасынан алыстаған емес.

Компьютердің алғашқы моделін жасаушы ағылшын математигі Алан Тюринг «Есептеу машинасы және сана» атты еңбегінде жасанды сананың болашақтағы мүмкіндіктері туралы жазып кеткен.

Жасанды сананың адамнан айырмашылығы бола ма?

Салыстырмалы тұрғыда болады. Ғалымдар Тюрингтің жазбаларынан белгілі роботты адамға бейімдеу процесін әлі де жүргізіп келеді. Мысалы, орыстар құрастырған адам текті чатбот Евгений Густманның ойлау қабілетін тексеретін Тюринг тестінен еш кедергісіз өтеді. Робот өзіне жолыққан адамдардың үштен бірін өзінің адам екеніне сендіре алған. Ол кездейсоқ жағдайларда ойлаудың орнына әр түрлі әдісті қолданған. Өзін 13 жасар бала етіп таныстырып, ағылшын тілінің туған тілі емес екенін айтады.

Көптеген ғалым жасанды санаға табиғи тілді бейімдеуге тырысып келеді. Себебі оған арнайы командалармен бұйыру арқылы емес, өзімізге жақын әдеткі сөздермен қарым-қатынасқа келуге бейімдеу керек. Мысалы, мәтін арасында ауыспалы мағынадағы сөздер қолданылуы мүмкін. Ал олардың тура мағынасын ғана игере алған роботтар көптеген түсініспеушілікке тап болады.                     

Бірақ зерттеуші ғалымдар адамзат танымының шегін табу мақсатында жасанды сана жобасымен айналысып жатқан жоқ. Олар роботқа сезім мен сана беруді мақсат етеді. Мысалы, IBM ұсынған Watson 2011 жылы интеллектуалды ойында жеңіп шыққан тұңғыш компьютер болды. Айта кетсек, Watson бағдарламаға енбеген бірдей құрылымы жоқ ақпаратты оқып түсіне алады. IBM роботы интеллектуалды жарыс кезінде 200 миллион бет ақпаратты өңдей алған. Енді ол бүкіл интернеттегі ақпаратты игеруге тырысып келеді. Дегенмен, мұның адам баласына қауіпті жағын ойлайтын ғалымдар да бар екен.

Адам баласына қауіп төнуі мүмкін бе?

Мүмкін. Watson секілді жасанды санаға ие роботтар дербес басқаруға қол жеткізгеннен кейін есептеу қуатының өсуіне байланысты адамзаттың құрығына бағынбай кетуі мүмкін. Мур заңына сүйенер болсақ, циклды роботтың есептеу қуаты әр тәулікте екі есеге үлкейеді екен.         

Жасанды сана осындай мүмкіндікке ие болғаннан кейін не істей алады? Оның бәрі алдымен бағдарламалау тіліне байланысты. Ғалымдардың айтуынша, кез келген бағдарламаға ие компьютер дербес басқаруға қол жеткізетін болса, ол өзін-өзі қайта бағдарламалай алады. Адамның басына күн туды деп сол кезді айт.

Google-дің техникалық директоры Рей Курцвейлдің айтуынша, жасанды сананы құрастырудан бұрын оны кезі келген кезде істен шығару жолын да қарастыру керек. Себебі интеллектуалды сұрақтарға жауап беруден бөлек, терең философиялық ұғымды тани алатын жасанды сана ненің «жақсы», ненің «жаман» екенін нақты біледі.

Ал сіз роботтардың еркін ойлау қабілетіне ие болғанын қалайсыз ба?                  

Сурет: lpost.ru

Ж. Өрісбай