Lenovo фитнес-браслет шығарады

Lenovo фитнес-браслет шығарады

Жаңа технологиялық инновацияның қарқындап даму заманында адамның репродуктивті денсаулығы маңызды орынға қойылып, жаңа гаджеттердің мақсатты жұмысы өзгеріп келеді. Айта кетсек, әр компанияның жарысып шығарып жатқан смарт сағаттары мен фитнес браслеттері осыған дәлел бола алады.

Жуырда Lenovo компаниясының ресми сайтында Lenovo Smartband SW-B100 деген атауға ие айдар пайда болды. Кейіннен аталған айдар тек фитнес-браслеттерге арналып жасалынғаны белгілі болды. Көп өтпей компанияның баспасөз қызметі жуырда өзіндік брендке ие болатын фитнес-браслеттерін шығаратынын айтты.

«Браслет өз денсаулығын күтіп жүретін және гаджеттер нарығындағы тенденцияларға қызығушылық танытып жүретін жасөспірімдерге арналып жасалынады», - деп ресми сайттың хабарламасында жазылған.

Lenovo Smartband гаджетінің мінездемесіне мән берер болсақ, ол өзінің аналогтары болған браслеттерден әлдеқайда өзгеше болып шығады. Браслет тұтынушының белсенділігі, басқан адымдары, жұмсалған калориясы мен жүрек соғу жиілігі туралы ақпарат жіберіп тұратын болады. Сондай-ақ, браслет адамның ұйықтау фазасын да бақылай алады.

Жаңа құрылғының экраны әлдеқайда кішкене болғандықтан, ол смартфондағы жаңалықты тек нұсқаулықтар ретінде көрсете алады. Қытайлық брендтің фитнес-браслеттері әрі Android, әрі iOS оперативті жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға қосыла алады. Сонымен қатар, ол сіздің ноутбугіңізге кілт қызметін де атқара алады. Нақтырақ айтар болсақ, компьютерді блогтан шығару үшін терілетін құпия сөздің орнына браслет қолданылады.

Әзірге Lenovo Smartband фитнес-браслеттерінің бағасы мен шығу уақытына қатысты еш ақпарат жарияланған жоқ. Дегенмен, бұл процестің жылдың соңына дейін орын алатыны туралы компания басшылығы айтып өтті.

Сурет: it-stream.ru

Ж. Өрісбай