Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / 120 петабайттық жады құрылғысы

120 петабайттық жады құрылғысы

120 петабайттық жады құрылғысы

Компьютерлік индустрия бір орында тұрмай, күннен-күнге дамып келеді. Егер жақында ғана бір гигабайт жады көлемі бізге көп болып көрінсе, бүгін оған түк жаза алмайсың. Адам баласының ақпаратты сақтау үшін жады сыйымдылығына деген қажеттілігі күн санап өсуде. Бірақ, жадының қандай үлкен көлемі болмасын, ақпаратты оқу мен жазу алгоритмдерінің тезәрекеттілігі төмен болса, жады құрылғыларының бағасы бес тиын. Солай емес пе? Керекті ақпаратты табу үшін жады құрылғысы уақытты керек етеді. Ал қазіргі кезде уақыт-таптырмайтын байлық.

Сондықтан да, IBM компаниясы әлемдегі ең үлкен ақпараттық массивті құрмақшы болып отыр. Бұл массивте ақпаратты жазу/оқу жылдамдығы жоғары, заманауи технологиялар қолданылатын болады. Осы жүйенің жалпы көлемі 120 петабайтты (жүз жиырма миллион гигабайт) құрамақ. Ал GPFS файлдық жүйенің көмегімен миллиондаған ақпаратты бар-жоғы 43 минутта индекстеуге болады.

Әзірге атауы жоқ ақпараттық массив Калифорниядағы IBM компаниясының зерттеулер орталығына орналасатын болады. Әзірге тапсырушының аты-жөні белгісіз. Әдетте, үлкен көлемді жады құрылғыларын талап ететін ақпараттық массивтер ғылыми не болмаса, әскери тәжірибелер жасауда қолданылады. Ауа-райын болжауға да пайдаланылады.

Бұл құрылғы 120 мың терабайттық дисктерден құралып, ұқыпты жиналған арнайы жәшіктерде орналасады. Температура көтеріліп, құрылғы істен шығып кетпеуі үшін арнайы салқындатқыш вентиляторлар мен су негізінде құрастырылған жүйелер қолданылмақ. Бір қызығы, қазіргі көлемі бойынша, ең ірі жүйенің ақпараттық сыйымдылығы бар-жоғы - 15 петабайт.

Сурет: ermoshka.ru

2618 5
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 16 мамыр 2012, 12:22
Пікірлер
+0
16 мамыр 2012, 16:46

120 миллион гигабайт!!!!

+0
16 мамыр 2012, 17:26

миллиондап фильм жазу5а болад :D

+0
16 мамыр 2012, 18:15

ғылыми не болмаса, әскери тәжірибелер... ҮТІР (,) АРТЫҚ! грамматикалық қате! Қазақ тілінен жақсы оқып ем да)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...