Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Google-да іздеудің сырлары

Google-да іздеудің сырлары

Google-да іздеудің сырлары

Ардақты Массагеттіктер! Біздің ұжым сіздердің патша көңілдеріңізден шығуға талпынудан еш шаршаған емес. 

Назарларыңызға іздеу сайттарының қасиеттері туралы кейбір қызықтарды ұсынамыз. Кейде ақпарат іздегенде қажетті нәрсеміз бірден табыла бермейді. Осыны ескере отырып, google іздеу машинасының көпшілік арасында танылмаған сырларымен бөлісеміз.

1. Нәтиже тізімінен алып тастау

Іздеу нәтижесінен белгілі бір сөзді алып тастау үшін ''-'' (минус) белгісі пайдаланылады. Яғни, іздеу кезінде белгілі бір сөзі бар сөйлемді қажет етпесеңіз, сол сөзді нәтиже тізімінен алып тастауға болады. Тек ескеретін нәрсе '' белгісін тырнақшамен шатастырып алмау керек. Бұл жерде ' белгісінің екеу екендігін ұмытпаңыз. Мысалы: "футбол казахстан -.ru". Осылайша іздеу нәтижесінен ресей доменіндегі сайттар автоматты түрде түсіп қалады. Немесе ''массагет -тайпа'' деп енгізер болсақ, "массагет" сөзіне байланысты барлық нәтижелер көрсетіліп, "тайпа" сөзін құрайтын нәтижелер автоматты түрде тізімнен шығарылып тасталады. 

2. Синонимдер бойынша іздеу

''~қызықты кітап -кітап''

Іздеудің мына формасына назар аударып көріңіз. Бұл жерде "қызықты кітап" тіркесіне қатысты ақпараттар ізделіп отыр. Тек ескеретін нәрсе, "кітап" сөзінің орнына оның басқа синонимдері қолданылған тіркестер мен ақпараттарды алу мақсаты тұр. Іздеу формасынадағы "-кітап" осыны білдіріп тұр. 

df

Мына скриншоттан көріп отырғандарыңыздай табылған ақпараттарда кітап сөзі қолданылмаған.

3. Долбармен іздеу

Егер сіз іздеу кезінде тіркесіңіздің дұрыс-бұрыстығына күмән келтірсеңіз, * символын пайдалана аласыз. Әңгіме түсінікті болуы үшін бірден мысалмен көрсетейік.

* ән

Гуглдың интерфейсіне осы форманы енгізе отырып, ән сөзімен байланысқан барлық тіркестер нәтиже ретінде көрсетіледі:

d

4. Нұсқа бойынша іздеу

Іздеу кезінде тіркестегі белгілі бір сөзді басқа сөзбен алмастыруға да болатын болса | белгісін пайдалануға болады.

Мысалы:

s

Көріп отырғандарыңыздай "жақсы ән | өлең" формасын енгізу арқылы "жақсы" сөзімен тіркескен "ән" және "өлең" сөздері бар кездескен барлық ақпарат назарымызға ұсынылады.

Бүгін осымен тоқтаймыз. Алдағы уақытта google іздеу машинасының басқа да сырларын ұсынатын боламыз. Массагеттен көз жазып қалмаңыз.

Жалғасы бар...

сурет: xaxor.com

828 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 18 сәуір 2012, 19:08
Пікірлер
+0
19 сәуір 2012, 14:47

уақытты үнемдейді екен :)

+0
19 сәуір 2012, 16:13

Интернетті жаңа бастаған қолданушылар өзіне қадетті нәрсені іздеген кезде көбіне Google -ді пайдаланады.Іздеу кезінде тек қана 1 сөзді жазсаңыз,онда оның неше түрлісін тауып береді.Сондықтан сіз нақты іздеген нәрсеңізді бірден табу екіталай.Сонымен,мен сіздерге Google-ді пайдаланудың тиімді тәсілін үйретейін.



Мысалға өлең іздеуді көрсетейін.
1.Google-ге кіріңіз.
2.Іздеу бөлігіне ?intitle:index.of?mp3 Michael Jackson Іздеу батырмасын басыңыз.Сізге Майкл Джексонның әндері,альбомын тауып береді.
Егерде бір программаның архиваторын іздесеңіз mp3 орнына форматты жазып,Майкл Джексоннын орнына программа атын енгізіңіз.Мысалға,?intitle:index.of?rar Photoshop

+0
19 сәуір 2012, 16:13

мәлімет мына жерден алынды: http://www.softzone.kz/article/688-google-rrr-srrrs.html

+0
19 сәуір 2012, 16:16

осы гугл болмаса не істер едік?

+0
22 сәуір 2012, 02:33

яндексті пайдаланып өтер едік

+0
19 сәуір 2012, 16:24

Ия, Гугл атамыз аман болсыншы))))

+0
19 сәуір 2012, 17:07

Гүлгүл қарындасым қалай ата болып қалды? :shock: :D

+0
19 сәуір 2012, 17:11

Ааа ол қарындас па, мен ата екен деп жүрсем :D

+0
19 сәуір 2012, 17:30

Биылғы қыркүйекте он төртке толады, әрине қарындас :D Ал Жандыкісі інішектің жасын білмейді екем, әйтеуір өзімнен кіші екені анық :ugeek:

+0
19 сәуір 2012, 17:53

Қыздардың мұндай білімді болуын әрбір еркек қолай қоймас. :mrgreen:

+0
19 сәуір 2012, 18:42

Сөзіңді екі етпей іздегеніңді тауып берсе, сұрасаң ғана жауап берсе, шақырсаң флештеніп жүріп алмай бірден келсе неге қолдамасқа? :mrgreen:

+0
19 сәуір 2012, 18:08

жандыкісі :D

+0
19 сәуір 2012, 18:44

Али Гофрен бауырымның шығарып жүргені ғой :lol:

+0
19 сәуір 2012, 23:10

ммм, рахмет

+0
22 сәуір 2012, 01:38

Google - кибервойна бастамасы/ немесе троян: sltv.ru/comments/clip-1646/?sphrase_id=22495
сонгы кездегi "конфиденциальность" озгертулерi кындау болд

+0
22 сәуір 2012, 01:42

а да еще, "site: name: user:" - бар го, бiр сайт iшiнен керек юзердi табу нускасы

+0
25 сәуір 2012, 21:19

Гугл көкеміз жасасын мәңгілік!!! :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...