Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Шолу: Nokia X2-01

Шолу: Nokia X2-01

Шолу: Nokia X2-01

Достар, бүгін біз Nokia X2-01 телефонына шолу жасаймыз. 

Нокиа Х2-01 телефонының техникалық мінездемесі:

Шығарылған жылы: 2010 жыл
Стандарт: GSM 850, GSM 900, GSM 1800, GSM 1900
Платформасы: Series 40 6th Edition
Ұзындығы: 119.4 мм
Ені: 59.8 мм
Жуандығы: 14.3 мм
Салмағы: 107.5 г
Батарея түрі: Li-ion (BL-5C)
Сыйымдылығы: 1020 mAh
Сөйлесу ұзақтығы: 4.5 сағат

Symbian S60 операциялық жүйесінде жұмыс істейтін Nokia X2-01 телефоны алғашқы сенсорлы смартфондарға ұқсайды. Қарапайым бола тұра, өте әдемі көрінетін Nokia X2-01-дің дизайны асқан талғаммен жасалған. Қолға ұстағанда да өте ыңғайлы. Әрбір детальдары бір-бірімен үйлесім тауып, осы телефонды ерекшелейді. Түрлі сынақтардан кейін, телефон қуаты орта есеппен 1-2 күнге дейін жетеді деген қорытынды шығарылды. Бұл уақыт ішінде 2 сағаттық бейнебаян көріп, сурет қарап, Ғаламтормен жұмыс істеп, электронды поштадан хат оқып, хат жіберуге болады. Батареяны толық зарядтап біту үшін 1 сағат уақыт кетеді. 600 МГц жиілік пен 128 мб жадта қызмет атқаратын ARM 11 процессоры кез келген заманауи қосымшалармен жұмыс істей алады. Сол себептен, телефон тұтынушысы хабар алмасу жылдамдығында қиындыққа тап болмайды. ММС жіберу қызметі де қарастырылған. 

СМС хаттар жазып, электронды поштадан хат жіберіп, Ғаламтор ресурстарын пайдалану үшін Nokia X2-01 ыңғайлы QWERTY-пернетақтасымен жабдықталған. Телефонның ұтымды тұсы да осы пернетақтасы шығар. Телефонмен бірге MicroSD жады бар. Флешкасы 8 Гб жадты көтере алады. Дауыс жазу функцияларын да жақсы атқарады. Мультимедиялық функциялары барынша ұқыпты түрде қарастырылған: MP3, AAC, eAAC, eAAC+ и WMA форматтарындағы файлдарды тыңдауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, тұтынушылар MPEG-4, 3GPP бейнебаяндарын көре алады. Барынша күшті шығатын музыкалық файлдардың таза дыбысы музыканы сүйетін әрқайсымызға бұл телефонды қорықпай таңдай беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, телефонда әлеуметтік желілермен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылғандықтан, YouTube желісінен де бейнебаян тамашалауға болады. 

Қолданушылар пікірі

Телефонның тиімді тұсы:

Бағасы арзан, дизайны әдемі, сырт көзге қымбат көрінеді. Дыбысы қатты шығады, сөйлескенде жақсы естіледі. Музыканы көп тыңдайтын жандарға арналған телефон. Хат алмасу қызметі жылдам жүреді. Жастарға арналған телефон деген екінші аты бар.

Телефонның кемшін тұсы:

Экраны шағындау, пернетақтаның әріптері кішкентай, сондықтан, көбіне қайта теріп отыру керек болады. Кішкентай батырмалардан үйреніп кеткенше шатасып қаласың. Камерасының сапасы төмен. Юзб шнуры қысқа.

3025 25
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 17 сәуір 2012, 15:30
Пікірлер
+0
17 сәуір 2012, 16:02

жақсы телефон ;)

+0
17 сәуір 2012, 16:13

бағасы аса қымбат емес,тәп тәуір телефондардың бірі

+0
17 сәуір 2012, 16:13

вспышкасы жок өкінішке орай :(

+0
17 сәуір 2012, 16:17

ия бұл телефонның әлсіз тұсы сол суретке түсіру жағы болып тұр. Қалған функцияларына әзірге әңгімем жоқ ;)

+0
17 сәуір 2012, 16:17

простой нонияның фонаригін косып вспышка етуге болад :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
17 сәуір 2012, 16:49

3G қолдана алмайды. Сол мұт қалыпты

+0
17 сәуір 2012, 18:33

Осы телефонға ойым кетіп жүр еді, камерасының сапасына көңілім толмай қалды :idea:

+0
17 сәуір 2012, 22:37

негізі баға/сапа қатынасы керемет телефон

+0
17 сәуір 2012, 19:25

маган онша унамайды

+0
17 сәуір 2012, 21:22

даусы керемет шығады екен)

+0
18 сәуір 2012, 20:20

менде осы телефонды алғым келіп еді, бңлмейсін неге айнып қалғанымды :roll:

+0
18 сәуір 2012, 20:21

білмеймін дегенім ғой :D

+0
18 сәуір 2012, 20:22

қорықпай ала беріңіз, басқасын білмеймін, даусы қатты шығатыны сондай, хабарласқанда, шошып кетесің :D :D Сатып алғанымен бір аптадай болып қалды ;)

+0
18 сәуір 2012, 20:55

8наурызға N303 сыйлыққа алдым :)

+0
18 сәуір 2012, 23:27

Осы телефонның сыртқы түрін и ваще өзін де еш ұната алмай ақ қойдым. Батырмаларының өзі ыңғайсыз сияқты көрінеді.. :!:

+0
19 сәуір 2012, 02:37

бұрын нокиа десе ішкен асымды жерге қоятын мен қазір осы нокиаларды жатырқап жүрмін, тіпті осыған ұқсас өзімнің нокиа е5-імді де. самсунгтың галаксиларына жәмман құлап жүрмін.

+0
12 мамыр 2012, 21:11

нокиаға дейін самсунг ұстаған едім, нокиаға жетпейді екен, әсіресе инетке кіре алмай дал болдым ғой, білмеймін неден екенін :roll:

+0
13 мамыр 2012, 04:42

сіздің ұстағаныңыз галакси болмаса керек :?: :geek:

+0
21 сәуір 2012, 21:32

Ыңғайсыыыыыз телефон ғой.....

+0
12 мамыр 2012, 21:09

қай жері ыңғайсыз? :roll:

+0
14 қыркүйек 2012, 16:29

менде сұрақ бар! бұл сотканы маған сыйлық ретінде туған күніме берген болатын. Ішінде қорапшасымен бірге зарядкасы және наушнигі болды, енді сұрақ - ал, Флешкасы мен USB болмай ма?!

+0
21 ақпан 2013, 13:42

болмайды)

+0
21 ақпан 2013, 13:41

менки осындай) 1,3 мига пиксел бирак смартфон емеско

+0
21 ақпан 2013, 13:42

ягни симбиан окмайдыго

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...