Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Қоғамдық көліктің келу уақытын есептейтін бағдарлама

Қоғамдық көліктің келу уақытын есептейтін бағдарлама

Қоғамдық көліктің келу уақытын есептейтін бағдарлама

Алматы қаласының тұрғыны Дмитрий Джаналиев қоғамдық көліктердің бағыттын біліп отыратын мобильді бағдарламаны құрастырып, оның авторы атанды. Бұл бағдарлама автобустардың, троллейбус пен трамвайлардың келе жатқан бағытын білуге мүмкіндік береді. Осылайша, жолаушы өзіне керекті бағыттағы көліктің аялдамаға келіп жету уақытын санай ала алады.

Джаналиевтің сөзіне сенетін болсақ, бұл жүйе қоғамдық көлікте орнатылған GPS таратқыштардан келіп түскен сигналдардың көмегімен жүзеге асырылады. Ертеректе бұл жүйе тек қалалық диспетчер қызметтеріне ғана қолжетімді болды.

Бағдарламаның базасына қоғамдық көліктердің көбі жүктеліп, олардан келіп түскен сигнал онлайн тәртіпте сарапталып отырады. Таңдалған бағыттағы көліктің аялдамалары көрсетілген схематикалық картадан, оның дәл қазір қай жерде келе жатқанын байқауға болады.

"Алғашында менде мынадай ой болған. Жұмыс күннің аяғында бағдарламаны іске қосып алу арқылы, маған керек көлік аялдамаға жақындай бергенде одан келіп түскен сигнал ұялы телефоныма жететін. Одан хабарлама келгенде, мен жұмыстан шығып, аялдама жетіп алуға үлгеремін. Жұмыстан аялдамаға дейін жүретін уақытты есептеп алып шығамын. Сонда мен автобусыма дер кезінде жетіп ала аламын," - деді Джаналиев өз сөзінде. Программистің сөзіне сенетін болсақ, бұл бағдарламаны ол алғашында өзі үшін жазған болатын, кейін өзінің жеке меншік көлігіне мінгенде, оның қажеті керек емес еді. Бірақ, бұған қарамастан, көптеген қолданушылардың сұранысы бойынша, Джаналиев бұл бағдарламаны құрастырып, жетілдіруді тастамады.

Bus Fuss бағдарламасы Java-ны қолдайтын құрылғылармен жұмыс істейді. Мобильді телефондар .jar файлдар типін оқып, 500 килобайттан жоғары ақпаратпен жұмыс істей алуы қажет. Бұған қоса, ғаламторға шығатын мүмкіндік болу керек. Джаналиев бұл бағдарламаны Android операционды жүйесіне негіздемек ойы бар. Бұған қоса, Джаналиев бұндай жүйенің жақында Теміртау қаласында пайда болуы мүмкін деп отыр. 

"Мобильді нұсқасын жазуға көп уақытым кетпеді, жұмыстан бос уақыт кезінде бұл бағдарламаны жазып отырдым. Шамамен бір, бір жарым ай уақытым кетті" - деді өнертапқыш.

Сурет: tengrinews.kz

2014 10
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 17 сәуір 2012, 11:55
Пікірлер
+0
17 сәуір 2012, 12:00

қолданысқа енсе екен, сатып алатын ;)

+0
17 сәуір 2012, 13:11

тура кинодағыдай болады десейші...а...

+0
17 сәуір 2012, 13:25

бәрібір 45 кешігіп келеді

+0
17 сәуір 2012, 13:49

хабарлама жібереді ғо телепоныңа қашан шық деп

+0
17 сәуір 2012, 14:17

әйтеуір менің өз бағдарламам бар. мен аялдамаға келгенде 99 міндетті түрде менің тура алдымда кетіп қалады. :twisted:

+0
18 сәуір 2012, 20:16

99 автобусына келгенде жолым болғыш дейсіз ғой :P

+0
19 сәуір 2012, 01:37

жолыңыз ашық екен тура менікіндей :D ) тьфәй, көз тимесін!

+0
17 сәуір 2012, 18:23

Кореяда аялдамада жазылып тұрады. Қай автобус шыққаннын.

+0
18 сәуір 2012, 20:23

"Өмірде 35-ші автобусты күткендей ешкімді күтпеймін" деп еді біреу :lol:

+0
18 сәуір 2012, 23:29

Иа тезірек қолданысқа енсе жақсы болар еді...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...