Samsung ATIV Q — Windows және Android ОЖ негізінде жасалған гибридті планшет

Samsung ATIV Q — Windows және Android ОЖ негізінде жасалған гибридті планшет

Жақында Samsung корпорациясы өзінің жаңа ATIV Q аталған планшетін таныстырды. Ол док-станцияның арқасында оп-оңай толыққанды ноутбукке айнала алады. Одан бөлек, ATIV Q планшетінің басты ерекшелігі ол Android Jelly Bean және Windows 8 операциондық жүйелерін қатар қолдана алатындығында болып отыр. 

1

Samsung ATIV Q 13-дюймды, мүмкіндігі 3200х1800 пиксельді дисплейге ие және де онда Intel Haswell Core i5 процессоры орналасқан. Сондай-ақ ол 128-гигабайтты SSD-жинағышымен USB 2.0 және 3.0 портарымен жабдықталған. microSD картасы есебінен оның жадын бірнеше есеге үлкейтуге болады. Ал құрылғының қалыңдығы 14 мм болса, салмағы 1,3 келі. 

2

3

Әзірге Samsung ATIV Q гибридті планшетінің бағасы мен сатылымға шығу күні белгісіз болып отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет