Twitter бұдан кейін IE6 және IE7 торшолғыштарын қолдамайды

Twitter бұдан кейін IE6 және IE7 торшолғыштарын қолдамайды

Жұма күні Twitter желісі ақпарат жариялап, Twitter for Websites (қысқаша «TFW» деп атайды) қызметінің 13 мамырдан бастап, IE6 және IE7 торшолғыштарында (браузерлерінде) қызмет көрсетуін тоқтатындығын айтты. Twitter-дің дамуы мен жалпыласуы күн сайын өсу қарқынын сақтап тұрса да, оның бірер функциялары бұдан кейін Микрософттың осы екі көне торшолғыштарында көрінбейді.

Twitter for Websites-тың талабы бойынша, Туиттердің жазбасы мен сол жазба мұрағатқа бір уақытта жолданатындықтан, ол жаңа торшолғышты қолданғанда, сайттың коды бұйрықты тез атқарады да, қызмет көрсетуге артықша басымдылық жасаудан сақтайды екен. Ал көнерген нұсқадағы торшолғыштар бұл талаптарды орындай алмайды.

13 мамырдан кейін торшолғышты қолдау қызметі жайлы мәліметтер берген Twitter өкілі: «Біз алдымен осы браузерде тұрып, Tweet жасау және Follow қызметтерін алып тастаймыз. Сонымен бірге Twitter ақпараттары, Twitter уақыт кірістірмесі сияқты функциялар IE6 торшолғышында бірден жұмысын тоқтатады. Системаны қолдау қызметі жоқ браузерді Туиттер байған сәтте, сіздің аккаунтыңыз автоматты түрде сайттан шығып кетеді, - деді. Twitter-дің кішкентай қыстырма қызметтері де IE6 торшолғышында «Қателік шықты!» деген мәтінде ғана көрінеді. Бұл түрі Internet Explorer 7-де қалыпты қызмет істесе де, атқарылуы шектеулерге ұшырайды. Болашақта қосылатын жаңа қызмет түрлері бұл браузерлерден мүлде көрінбейді екен.

Ең соңында, порталдың бас беті, өзара пікір алмасу жағындағы мазмұн терезелері ақырындап қызмет көрсету сапынан қалдырылады.

Twitter жақтың ақпаратында бұдан бөлек, IE6 мен IE7 қолданыстан шықса да, қолданушылар осы браузерлерде тұрып, басқалардың парақшасын көре алатындығы айтылған. Бұл негізгі техникалық тұғырлардың түбегейлі өзгермеуінен болып отыр.

Туиттер IE8 торшолғышын қолдайды. Windows XP операциялық жүйесінің әлі де жалпы беттік қолданыста болуы себепті, бұл торшолғышты қатардан шығаруға әлі де ерте екені белгілі.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: twitter.com

M. Auelkhan