Смарфондарға арналған ең қуатты жүйелік блок

Смарфондарға арналған ең қуатты жүйелік блок

CES 2013 техникалардың жәрмеңкесінде Samsung компаниясы смартфондарға арналған ең қуатты сегіз ядролы Exynos 5 Octa атты жүйелік блогын таныстырды. 

Жаңа жүйелік блок ARM big.LITTLE жүйесі бойынша құрастырылған. Компания қызметкерлерінің айтуынша, бұл 3D форматындағы ойындары ойнау және видеоларды көру үшін ARM жүйесіндегі ең мықты жүйелік блок болмақ. Сондай-ақ энергия сақтау жөнінде де Exynos 5 Octa жүйелік блогы ертеректе Samsung компаниясы шығарған төрт ядролы Samsung Exynos жүйелік блогынан да мықты екен. 

Samsung Exynos 5 Octa 28 нанометрлі жүйелік блок жүйесі бойынша құрастырылған. Болашақта мұны 10 нанометрлі блогқа ауыстырамық дейді Samsung компаниясы. Ал жалпы көрмеге шығарылған Exynos 5 Octa жүйелік блогы екі  бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Біріншісі, Cortex-A15 1,8 ГГц жүйе ойындарға арналған, екіншісі Cortex-A7 1,2 ГГц музыка, видео, суреттерге арналған. Жаңа жүйелік блокты қолданушылар алдағы уақытта компания өндіретін Galaxy S IV және Galaxy Note III смартфондарынан көретін болады. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет:hi-tech.ru

Б. Қосмағамбет