Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Пернетақтаны тазартудың жолдары

Пернетақтаны тазартудың жолдары

Пернетақтаны тазартудың жолдары

Сіздің жұмыс үстеліңіздегі пернетақта cіз үшін өте маңызды екені рас. Егер ол табан астында бұзыла қалса, бір күнде бітіру керек шаруаңыз осыған қарап қалары өтірік емес. Пернетақтаңызды шаңнан, кірден және су төгілуден қорғаңыз (кофе, шай, шырын).

Ал бүлінген пернетақталар үшін мынадай кеңестерді ұсынамыз:

Шаңды сүрту

Жұмыста да, үйде де шаңның торып жүретіні – ортақ проблема. Ашық жерлердің өзіне білдіртпей қонып алатын шаң пернетақтаның арасына да қонақтайды. Бұл үшін бас ауыртудың қажеті жоқ. Пернетақта арасына тұрақтап алған шаңды кішігірім жеңіл щеткалармен тазалауға әбден болады.

Немесе кішкентай қол шаң сорғышын да көмекке шақырсаңыз болады. Мұндай ғажайып аппаратты кез келген дәріханалардан табуға болады.

Ал осылардың өзіне көнбеген шаңға тіпті «қатаң жаза» қолдануға болады. Ол – үлкен кәдімгі шаңсорғыш.

Микробтар

Күн сайын қолдана берген соң, сіздің аса бағалы пернетақтаңызға басқа да қауіп төне бастайды. Залалсыздандыратын спрейді қолданғанда, абай болғайсыз. Оның орнына спирт қолдансаңыз да жетіп жатыр.

Спирт және мақта. Бұл әдісті қолдану үшін тағы да дәріханаға бас сұғуға тура келеді. Не үшін? Өйткені бізге мақта мен спирт керек. (Мақтаның орнына матаны, не сүлгіні қолдансаңыз да артық емес) Спиртке мақтаны батырып алып, клавиштерді жоғарыдан бастап сүрте беріңіз.

Спиртті қолдану керек екен деп оны бет алды пернетақтаға құя салмаңыз. Тек жаймен ғана спиртті мақтамен (матамен, сүлгімен) клавиштердің арасын сүртіп шығыңыз. 

Кофе не басқа да тәтті сусындар төгілгенде

Біз сіздерге осыған дейін кеңседе тамақтану жайында айтып өткенбіз. Жұмыстан бас ала алмай отыратын уақыттарда кофені дайындап алып жұмыс үстелінде ішіп отыратыныңыз белгілі. Анаған-мынаған қол созамын деп отырып, не пернетақтамен қарқынды түрде жұмыс жасап отырып, алдыңыздағы сусынды төгіп алуыңыз ғажап емес. Ондай кезде не істеу керек? Қам жемеңіз!

Кофе төгілгеннен соң, бірден пернетақтаны өшіріп тастаңыз. Бетінде тұрған сұйықтықты тез арада сүртіп алыңыз. Әйтпесе су жайылғаннан соң, оның істен шығуы ғажап емес. «Кофе төгіп алып едім» деп бір айдан соң жөндетуге апарсаңыз, одан жақсы үміт бола қоймайды. Сондықтан тез арада пернетақтадағы суды сіңіріп алатындай қылып сүртіп алғаныңыз дұрыс.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: colourbox.com, galbe.ru

1871 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 09 қазан 2012, 13:00
Пікірлер
+0
09 қазан 2012, 13:20

"какыраз" керек еді, рақмет)

+0
09 қазан 2012, 16:11

маған да керек еді осындай

+0
11 қазан 2012, 15:58

Керек ақпарат шынында да. Пернетақтаны төмен қаратып бір қаққанның өзі жеткілікті

+0
11 қазан 2012, 21:07

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: менікі күйіп кеткен уже жаңасын алдым ICe TEA төгіліп кетті :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...