iTary – ұшатын даяшы

iTary – ұшатын даяшы
Фото: vilingstore.net

Даяшы – қазіргі таңда қоғамдық қызмет болып кетті. Еліміздің өзінде даяшы болып күн көріп жүрген жастар көп. Олардың табысы өздеріне жеткілікті. Өкінішке орай, жақын арада даяшылардың жұмысы тоқтауы мүмкін. Себебі енді әлемде iTary құрылғысы бар.

iTary – ұшатын даяшы. Бұл құрылғы қазір Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында іске қосылған. Келушілерге мейрамхана желісі даяшыларды жұмысаудың орнына квадрокоптер арқылы тамақтарды жеткізіп береді. Бұл, біріншіден, мейрамхана желісі үшін шығынды толтырады. Яғни даяшыға төлейтін ай сайынғы немесе күндік айлығын бір квадрокоптер сатып алуға жұмсаса жеткілікті.

Сағатына 40 км жыламдықпен қозғалатын iTary құрылғысы Еуропа елдерінде қызығушылық тудырып отыр. Мейрамхананың шығыны үшін ғана емес, iTary келушілердің де көңілінен шыққандықтан қолданылып отыр.

iTary – ұшатын даяшы алыстан басқарылатын техникалық құрылғы арқылы тамақты жеткізеді. Тек күтуіңіз керек.

М. Ақан