Өнер туындыларын анықтайтын қосымша пайда болды

Өнер туындыларын анықтайтын қосымша пайда болды
Фото: vk.com

Smartify аталатын жаңа қосымша пайда болды. Ол өнер туындыларын анықтауға көмектеседі.

Қосымшаның авторы Танос Коккиниотистің айтуынша, ол Spotify және Shazam атты музыкалық сервистер функциясын негізге ала отырып аталған қосымшаға қол жеткізген. Қолданушылар қосымшаны картинаға жақындату арқылы сол өнер туындысы туралы толық ақпарат алады және өздерінің электронды галереясын жинақтауға мүмкіндіктері бар. Осылайша, Smartify аудиогидтердің толыққанды баламасына айналып, бейнелеу өнері саласындағы ақпараттық орта ретінде танылмақ. Әзірге Smartify амстердамдық Рейксмузеум, лондондық Уоллес топтамасы, сондай-ақ, париждік Лувр мен Нью-Йорктің Метрополитен мұражайларында сақтаулы тұрған картиналарды ғана анықтай алады.

А. Оралқызы