Ғаламтор жоқ болса адамдарға не болады?

Ғаламтор жоқ болса адамдарға не болады?

Америкалық ғалымдар Ричард Новатсонның жетекшілігімен өте қызықты ғылыми зерттеу жүргізді. Жасалған тәжірибеге 4000 адам (50% ер кісі мен 50%  әйел адам) қатысты. Бұл кісілердің өмірі ғаламтор жүйесіне тікелей қатысы бар немесе уақыттарының көп бөлігі әлеуметтік желілерде отыруға жұмсайтын адамдар болған.

Жүргізілген эксперимент барысында қатысушыларға мынандай сұрақ қойылды: «Егер сіздің мемлекетіңізде ғаламтор жүйесін пайдалануға тыйым салатын болса, не істер едіңіз?». Сұрақтың жауабы ғалымдардың төбе шашын тік тұрғызды, себебі айтылған жауаптар ғалымдарды ойландырмай қоймады.

Сауалға жауап берген адамдардың 67%-на жуығы тұрып жатқан мекенін кез келген ғаламтор жүйесіне мүмкіндігі бар елге жер аударатындығын мәлімдеген. Мұндай жағдайда патриотизм екінші орынға түскен. Ал Facebook, Twitter және басқа да қызметтерді пайдаланушылар алдыңғы орынға шыққан.

Жауап берген адамның 14% сасқалақтап, белгілі бір уақытқа дейін депрессияға ұшырап жүретін шығармыз деп жауап қайтарды.  

11% қуана-қуана ғаламторға деген тәуелділіктен құтылатындықтарын айтқан. Олар енді адамдар ғаламторға кететін уақытты жақын туған-туысқандары мен жора-жолдастарына бөле алатын болады дейді.  

Ал 6% шынайы адал геймерлер виртуалды тілдесуді шынайы өмірге ауыстырамыз деп айтқан.

Қатысушылардың 2% өз-өзіне қол жұмсаймыз деген. Олардың айтуынша, дүние олар үшін өмір сүруін тоқтатады және өмірдің мән мағынасы кетеді. Бұлай жауап бергендердің 64-і әйел азаматы болған.   

Ричард Новатсонның жүргізген сауалнамасы қазіргі кезде пайда болып жатқан технологияның адамға қалай әсер етіп жатқандығын көрсетеді. Бүгінгі таңда бұл өте өзекті мәлесе. Өкінішке орай, мұндай жағдайда медицинаның күші қауқарсыз және оны емдеп жазу мүмкін емес. 

Оқи отырыңыз: 

Ғаламтор жайлы не білесіз?

Ең танымал ғаламтор дүкендері

Техно. Жастар ғаламторда түнейді

Ғаламтордағы алаяқтықтан сақ болыңыз

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.thegrindstone.com

Н. Нұрмаханұлы