Toyota үш дөңгелекті i-ROAD көлігін таныстырды

Toyota үш дөңгелекті i-ROAD көлігін таныстырды

Toyota компаниясы өзінің i-ROAD атты жаңа көлігін көпшілікке таныстырды.  Көліктің ерекшелігі сол, электрлік модель екі орынды және үш дөңгелекті болып жасалған. Өзінің шағын габариттерінің арқасында ол Еуропаның қысқа көшелерінде өзін судағы балықтай сезінеді.  

1

i-ROAD көлігінің ені - 850 мм, ол Piaggio MP3 скутерінен шағындау. Оның ені - 2350 мм. Ал биіктігі - 1445 мм. Модель көлікті қозғалыс кезінде және тегіс емес жол үстінде автоматты түрде басқаратын Toyota Active Lean технологиясымен жабдықталған. 

2

i-ROAD-тың салмағы бар-болғаны 300 келіні құрайды. Көліктің максималды жылдамдығы - 45 шақ/сағ. Үздіксіз жүре алатын қашықтығы - 50 шақырым. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет:  zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет