Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Авто. "Ақылды" терезелер келе жатыр....

Авто. "Ақылды" терезелер келе жатыр....

Авто.

Артқы орындыққа жайғасқан кішкентай баланың іші пысып, жаңа ғана жуылған көлік терезесіне саусақтарымен сурет салуды бастайды. Дүниежүзінде мұндай мәселеге күнделікті миллиондаған ата-ана тап болады. Солай емес пе?  Бірақ, амал жоқ, баланың аты бала. Не деп ұрсасың? Бұл мәселенің шешімін табу мақсатында General Motors компаниясы үлкен жобаны бастап отыр. Әлемдегі ең ірі автоөндіруші компанияларының бірі болып саналатын GM-ның ғылыми зерттеу бөлімі Bezale университетінің Future зертханалық орталық мамандарынымен бірлесе отырып, Windows of Opportunity (WOO) атты интерактивті терезелер жобасын құруды көздеп отыр. Bezale университеті әлемдегі ең көне және атақты ЖОО бірі болып саналады. Аталған университет түлектері дүниежүзінің түкпір-түкпірінде еңбектеніп, адам баласына пайда әкелетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

"Ақылды терезелер көлік жылдамдығы мен оның орналасқан жерін дәл анықтап, интерактивті технологиялардың көмегімен жолаушыларға ойын-сауық пен ғылыми-танымдық функцияларды ұсынады", - дейді GM компаниясының R&D бөлімінің менеджері.

"Ақылды" терезелердің жұмысын иммитациялау үшін студенттер  камера мен проекторды қажет ететін EyeClick атты оптикалық-сенсорлы технологияларды қолданып жатыр. Осы технологияның көмегімен жолаушы көзге көрінбейтін мультисенсорлы дисплейден керекті функцияны таңдап, қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Бұл жоба жүзеге толығымен асқанда,  жолаушы «ақылды» терезеден қалаған бейнесін көре алумен қатар, түрлі ойындарды ойнай алады. Бұл жоба ғылыми-техникалық дағдарыстың анық айғағы десек, артық айтылған сөз емес. Адамның өмірін барынша көңілді әрі пайдалы өткізуге бағытталған технологиялар қазіргі таңда өте көптеп шыққанымен, әзірге көпшілік халыққа қолжетімді болмай тұр. Бірақ та, егер бұндай жобаларды басқа да ірі автоөндірушілер технологиялық процесске енгізсе, жақын арада "ақылды"терезелерді біздің көліктерден де көруге болатын сияқты.

  Қазіргі кезде GM бұл жобаны өз көліктеріне енгізуге асығып тұрған жоқ. Әзірше осы технологияның ең үздік концепциясы ғана жобаланып жатыр. 

Форумда талқылау

Суреттер univ.ag.ua сайтынан

1981 14
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 02 наурыз 2012, 13:00
Пікірлер
+0
02 наурыз 2012, 13:23

тура фантастикалық кинолардағыдай...

+0
02 наурыз 2012, 13:27

Осы техникалық жаңалықтарды көрем де, таң қалам. Өміріміз не болып барады? Адам өміріне сіңіп кетті ғой техника деген. Жақсылыққа апара ме екен бұл жайт?

+0
02 наурыз 2012, 13:48

қалай сонда? не жамандық көруіміз мүмкін?)

+0
02 наурыз 2012, 13:56

адам баласы түк істемейді, физикалық қозғалыс деген нөл, несі жақсы?

+0
02 наурыз 2012, 14:02

кім еді...баяғыда бір индус па, әлде африка жақта өмір сүретін тайпалардыңбір көсемі ме осы туралы айтыпты. Типі ол білгіш, данышпан адам болса керек. Әлемдегі көп зиялы адамдардың біразы көзін көріп сұхбат құруға ынтызар болып барған көрінеді.

УОпшым, шал айтыпты: "Сендер технологияны дамыту арқылы өздеріңді құртып жатырсыңдар. Осы арқылы адам баласы өзінің мүмкіншіліктерін ұмытып, олардан ада болып жатыр. Типі адам баласында алыстан тұрып сөйлесетін құрылғы да, сезегендік те, тіпті ұшатын қасиет те бар-мыс. СОл технологиялардың дамуы сол мүмкіншіліктерін ұмыттырып жатыр", - депті...ойланып қалдым....

+0
02 наурыз 2012, 13:38

Осындай қашан болады деп армандаушы едім.

+0
02 наурыз 2012, 15:22

Сен де машинаның терезесіне сурет саласың ба? )))

+0
02 наурыз 2012, 15:41

Мен автобус, трамвайдың терезелеріне сурет салам

+0
02 наурыз 2012, 15:59

ненің?

+0
02 наурыз 2012, 16:44

автобус, трамвай, троллейбустың

+0
02 наурыз 2012, 17:00

сонда автобустың терезесіне автобустың суретін саласыңба? жоқ бірінікіне бірінікін саласың ба?)))

+0
02 наурыз 2012, 17:03

автобустың терезесіне автобустың суретін салу қызық болар

+0
02 наурыз 2012, 17:13

ал мен болсам таксидің суретін салушем....)))

+0
02 наурыз 2012, 16:26

ЖМ кризистен кейін аяғына нық тұрған секілді! Бәрі дұрыс жасалған маркетингтен дейді гой!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...