Лондон такси зауытын Қытай компаниясы сатып алды

Лондон такси зауытын Қытай компаниясы сатып алды

Қытайдың ең ірі көлік компанияларының бірі GEЕLY компаниясы Лондон такси зауытын 11 миллион 40 мың фунт стерлингке сатып алды.

Бұл әйгілі такси зауыты құрылғанына 100 жыл болған. Бір ғасырлық тарихқа ие зауыт өткен жылы қазан айында бухгалтерлік басқару орнына өткізген кезде 2 миллион 700 мың фунт стерлинг мүлкі болған. Қытай компаниясының бұл зауытты сатып алудан бұрын 20%-ға иелік құқығы бар еді. Ал қазір иелік құқығы Қытай компаниясына тәуелді болды.

GEЕLY компаниясының уәкілі «Алдағы уақытта бұл зауытта жасалатын «TX4» типті такси көлігі өндірісін тоқтатпайды. Бұл сатып алу – тек қана ұзақ мерізімді жарна қосу болмақ. Бұл сауда GEЕLY компаниясы үшін аса тиімді емес. Дегенмен, болашақ тұрғысынан ойлағанда бұл өте дұрыс талғам. Алдағы уақытта GEЕLY маркалы көліктердің Еуропа базарына кіруіне жол ашатын болады» дейді. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: motorbeam.com

Қ. Қауымбек