Пальмадан тоқылған автокөлік

Пальмадан тоқылған автокөлік

Нигериялық тоқыма шебері Оджо Обанийи тоқылған автокөлік жасап шығарды.  Іші мен сырты түгелдей пальма талшықтарынан тоқылған темір тұлпардың иесі осылайша, жұрт назарын түрлі бұйымдар тоқитын шеберханасына аудармақ болған. Көріп тұрғандарыңыздай, жасалған жарнама өз мақсатын толық орындап шықты!

40 жастағы Оджо өз көлігінмен туған қаласы – Ибадан көшелерінде ерсілі-қарсылы жүруде.

Ары-бері өткен қала тұрғындары үлкен таңданыспен ерекше көлікке көз алмай қарайды.

20 жыл бойы тоқумен айналысып келген Оджо: «Мен тек білімді элиталардың ғана қоғамды өзгертуге қабілетті емес екенін дәлелдегім келді»,- дейді.

«Қарапайым адамдардың да өмірді жақсыға өзгерту мүмкіншіліктері бар. Бар арманым, мені, мен сияқты адамдарды бүкіл әлемнің танып білуі. Әлемдегі барша жұрттың біздің арамызда да дарынды адамдардың бар екенін білгенін қалаймын», -  дейді Оджо.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: pixanews.com

Қ. Қауымбек