Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Huawei компаниясының 2018 жылдағы ең басты жетістіктері

Huawei компаниясының 2018 жылдағы ең басты жетістіктері

Huawei компаниясының 2018 жылдағы ең басты жетістіктері

2018 жылы Huawei компаниясы екінші, үшінші тоқсанда смартфондар сатылымы бойынша екінші орын алып, мобильді нарықта серпіліс жасады. Мұндай жетістікке компания наурыз айында шыққан флагмандық Huawei P20 және Huawei P20 Pro смартфондарының арқасында жетті. Сондай-ақ брендтің дамуына Mate20 бизнес сериялы смартфондары да үлес қосты.

Huawei P20 Pro смартфонына орнатылған әлемдегі алғашқы Leica камералары оның деңгейін біршама жерге апарды. Мысалы әлемдегі камера атаулыға баға беретін DxOMark рейтингінде 109 баллға ие болып, әлі күнге дейін рейтинг басында тұр. Ал Берлинде өткен IFA 2018 аясындағы EISA Awards салтанатында P20 Pro "EISA 2018–2019 үздік смартфоны" атағын жеңіп алды.

2018 жылы Huawei баға, ықпал және танымалдықты анықтайтын әлемдік рейтингтерде өз позициясын жақсартты. Brand Finance консалтинг агенттігі Huawei компаниясына әлемдік қымбат брендтер рейтингінде 25-орын берді, ал Fortune 500 ірі компаниялар тізімінде Huawei 83-орыннан, 72-орынға көтерілді. Одан бөлек Huawei Forbes-тың ең ықпалды компаниялар рейтингіне кірген жалғыз қытайлық компания атанды, мұнда қытайлық бренд 79-орында.

Huawei брендінің деңгейі жоғары сапа мен инновациялық жаңалықтар арқасында нығайып келеді. 2018 жылы компания бір ғана сериямен тоқтап қалмай, 16 қазан күні Лондонда инновацияға құмар бизнес-аудиторияға арнап жаңа флагмандық Mate20 сериясын таныстырды.

Huawei Mate20, Mate20 Pro және Mate20 X смартфондары әлемдегі тұңғыш 7 нанометрлі процессормен жұмыс істейді. Huawei Mate20 Pro-ның өзі мобильді нарықтағы ең соңғы инновацияларды бойына жиған: экранында дактилоскопиялық сенсор, сыммен аса жылдам қуатталып, сымсыз реверсив түрде ультражылдам қуатталады, ішіне Android 9, EMUI 9.0 орнатылған.

Жаңа ультра-кеңбұрышты Leica линзаларын ерекше атап өтуге болады. Ол арқылы әлемге кеңінен көз салып, макрорежиммен табиғатқа үңілуге болады. Жаңа Huawei Mate20 сериясы 2019 жылы өзге смартфондар ұмтылатын биік деңгей жасады. Айта кетейік, Huawei 2018 жылы рекордтық 200 миллион сатылым туралы хабарлаған еді. Мұндай көрсеткішке компания қолданушылар мен серіктестердің үздіксіз қолдауы, сапалы өнімдері, соның ішінде Huawei P20 және Mate20, сондай-ақ Honor 10 сериялары арқасында жетті.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 09 қаңтар, 19:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.