Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Ford Focus

Ford Focus

Ford Focus

Еуропалық гольф-класты автокөлікті 20 мың АҚШ долларына сатып алуға болады. Бұл көлік арзан, сипаттамасы да көптеген тұтынушыларға ұнайды. Ең қолжетімді Ambiente жинағындағы Фокус – 5 есікті, қозғалтқыш көлемі 1.6 литр 105 а.к., алдыңғы айналары мен орындықтары электроқозғалтқыштармен жабдықталған. Жүргізуші мен жолаушыны қорғайтын қауіпсіздік жастығының бар екенін атап өту керек. Соған орай, жүргізушінің орындығы биіктігі бойынша, рөл екі жазықтық бойынша  реттеледі. Ал есіктер алыстан ашып-жабу мүмкіндігіне ие. Кондиционер, МР3 форматын қолдайтын автомагнитолланың бағасы тым қымбат емес. Әрине, толық жинағындағы Фокустың бағасы әлдеқайда қымбат. Мысалы, Titanium жинақталуындағы 125 а.к-ті, толық функциялы құрылғысы бар көлік бағасы – 4 000 000 теңгеге жақындайды. Бұл әлі де шек емес. 150 және 140 а.к-ті бензиндік және дизельдік қозғалтқыштары, PowerShift автоматты трансмиссиясы бұл сомаға қосымша 160 000 теңгені қосады. Айтпақшы, Trend жинақталуында осындай автоматты трансмиссиямен жабдықталған машина бағасы 3 185 000 теңгені құрайды. Барлық сатылымға түсетін көліктер Ресей зауыттарында жиналған.

Көз қызықтырар дизайн

Focus-тың дизайны жайлы шексіз әңгіме айта беруге болады, бірақ, хэтчбектің келбеті қалғандарына қарағанда үйлесімді болып шықты. Артқы терезелерінің пішіні үлкейгеніне қарамастан, көлікті профильден көргенде  бірден тануға болады.

 Дөңгеленген формалар жанұялы көлікке жарасып тұрғанымен, алдыңғы геометриялы пішінді бампер назар аудартады. Егер де ұсақ-түйекке көңіл бөлмесек, автокөлік дизайны басқа көліктерден ерекшеленбейді. Интерьерге көңіл бөлсек, сыртқы келбетіне қарағанда қызықтырақ көрінеді. Көлемді әрі фигуралы беттер заманауи және сәнді, ал материалдар сапасының деңгейі жоғары. Интерьерде қатты немесе сырғанақ ұсақ-түйек жоқтың қасы. Декорациялық орнатулар көзтартарлық. Пернелерге түсірілген күш көп емес, қолдануға өте ыңғайлы. Бірақ эргономика жағынан кемшіліктер жоқ емес. Беріліс қорабының тетігі артқа қарай шегінген, сондықтан жылдамдықты реттеу кезінде ыңғайсыздықтар пайда болуы мүмкін.

Жүргізуші көлік жайлы ақпаратты екі дисплейден көреді. Біреуі тура алдында, екіншісі консольдің дәл ортасында орналасқан. Базалық жинақталуында бұл екі монохромды дисплей, ал Sony автомагнитолласы бар арнайы жинақталуында - екі түрлі түсті толыққанды меню жүйесі дамыған екі экран. Қарапайым жүріп өткен маршрутты білу үшін бұл дисплейлер артық болар еді, ал электроникамен қапталған бай жинақталуда олардың бар болғаны міндетті. Опциялар тізімінде көптеген қызықты функциялар бар: көлікті автоматты түрде тоқтату, көрінбейтін зоналар мониторингі, дөңгелектегі қысымның реттелуі, адаптацияланатын жарық, Bluetooth, жол сілтеуші. Соқтығысулардың алдын алу электронды жүйесі, белгілерді, жол таңбаларын тану жүйесі біздің нарыққа сатылуға әлі шыққан жоқ. Автоматты тоқтату жүйесі өте қызық. Жұмыс істеуін қарастырайық: жол бойында орналасқан көліктер жанынан кішкентай жылдамдықпен келе жатып, бұл жүйені пернеге басу арқылы активті тәртіпке ауыстыру керек. Экран бетінен анықтамаларды көріп, керек мезетте көлікті тоқтатып, артқа жүру баспалдағын таңдау керек. Бұл жүйе тек сол жақта орын іздей алады, ал жол бойына перпендикуляр етіп тоқтату мүмкін емес.

Ешкімнен кем емес

Бұл жүйені жүзеге асыру үшін гидравликалық күшейткіштің орнына электрокүшейткіштің ауыстырылуы негіз болды. Және бұл жаңа платформаның тек бір ғана айырмашылығы емес.

Негізгі түрде архитектурасы өзгермеген, бірақ шасси баптаулары түгелдей қайта қарастырылып, бекіткіш нүктелер өзгертілген, құрылымды жасауда жоғары сапалы материалдар қолданылған. Дөңгелек базасы тек 8 мм үлкейгеніне қарамастан, салон түгелдей өзгерген.

Бұрынғы Фокус та талғамға сай еді, мұндай өзгертулер керек пе еді? Керек! Өйткені жаңа Фокус одан да жақсы болып шықты. Серпімді салпыншақ (подвеска) жолдың әр түрлі кедергілерінен жақсы өтіп, жүргізушіге көлікті айдаудан ләззат алуға мүмкіндік береді. Ауытқулар көп емес, хэтчбек өзінің траекториясын  айқын әрі тура өтіп шығады.

Гидрокүшейткіштің орнына электрокүшейткіштің орын басуы, кері байланыстың сапасына еш өзгертулер қосқан жоқ. Сапалы баптаулардан ләззат алу процесін аз да болса, қозғалтқыштың әлсіздігі бұзып отыр.

Жаңа 125 күшті 1,6 литрлі қозғалтқыш, бұрын қолданылған 1,8 литрлі қозғалтқыштың орнына орнатылатын болады. Фордшылардың айтуы бойынша, бұл қозғалтқыш жаппай танымал болуы керек. Ол алдыңғысына қарағанда еш қуатты емес, төменгі жылдамдықта қозғалтқыш деңгей бойынша айналады. Орнынан жүріп кету процесі үйренуді талап етеді, төменгі айналымдағы жылдамдықты көтеру қиынға соғады. Жалпы көлік айналымынан қалып қалмайсың, бірақ жаңа заманауи қозғалтқыштан көп үміт артасың. Механикалық қорабтың айқын әрі тура жұмыс істеуі қуантады.

Ford Focus-тың бәсекелестері

Жаңа Opel Astra Санкт-Петербор облысында орналасқан  GM зауытында жасалынады. Қозғалтқыш көлемі 1,4 және 1,6 литрді құрайды: атмосфералық 100 және 115 а.к. және турболанған: 140 және 180 а. к. Барлық қозғалтқыштар, базалық мотордан басқасы, 6-диапазонды АБҚ-мен жабдықталған. Таңдауға 3 түрлі жинақталу бар, оған қарамастан ұзын тізімде FlexRide баптау жүргізілетін шасси және адаптацияланатын фарлар бар. Бағасы: 3 030 000-4 770 000 теңге.

  

Жаңарған  Peugeot 308 де Ресейдің  Калуга облысындағы PSA компаниясының зауытында шығарылады. Тізімде үш 1,6 литрлі қозғалтқыш бар: атмосфералық 120 а.к., үрмелі 140 а.к., және дизельді 110 а.к. Автоматты беріліс қорабымен тек бензиндік қозғалтқыштар жабдықталады. Бағасы: 3 000 000-4 130 000 теңге.

Суреттер 365auto.com.ua сайтынан

1689 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 09 қаңтар 2012, 15:01
Пікірлер
+0
04 сәуір 2012, 10:11

Керемет акпарат рахмет Массагет

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...