Ален Делонның Ferrari көлігі кемі 12 миллион еуроға сатылмақ

Ален Делонның Ferrari көлігі кемі 12 миллион еуроға сатылмақ

Artcurial аукцион үйі Парижде сирек кездесетін автомобильдердің коллекциясын сатылымға қояды. Жалпы алғанда, ХХ ғасырдың басынан бері шығарылып, аты аңызға айналған 200-ге жуық автокөлік ұсынылады, деп жазады inform.kz.

Ең қымбат лоттар арасында Ferrari 250 GT SWB California Spider көлігі бар. Жалпы мұндай көліктің 37-сі шығарылған, бірақ Ферраридің жеке Ален Делонға тиесілі моделі сатылымға қойылады.

Ол бұл машинаны Канн кинофестивалінде «Леопард» фильміне түскені үшін марапатталғаннан кейін 1963 жылы сатып алған. Ален Делон бұл автомобильді 1965 жылы Голливудқа киноға түсу үшін АҚШ-қа да тасымалдаған.

Лоттың сметалық құны 12 миллион еуро. 

сурет: carstrok.com

Е. Қайрахан