Эндрью Хикстің сиқырлы айнасы

Эндрью Хикстің сиқырлы айнасы

Америкалық өнертапқыш жүргізушілердің қуанышына орай жаңа өнертабысын жария етті. 

Филадельфиядағы Дрексель атындағы университеттің докторы Эндрю Хикс автокөліктерге арналған артқы көріністі көруге арналған жаңа айна жасап шығарды. Бұл өнертабыстың бұрынғы айналардан ерекшелігі мынада. 

Бұрын қолданылып жүрген айналардың беті иілген болып келегендіктен, бейненің сапасы нашар болатын. Кей жағдайда айнадағы объектінің не артта тұрғандығын, не жанымызда кетіп бара жатқандығын айыра алмай жататынбыз. Тек алгербалық есептеулердің көмегімен жасалған жаңа айна бұл проблеманы оңай шешкен.

вап

Эндрью Хикстің айнасының графикалық моделі

Эндрью Хикс өнертабысын патенттеуге арналған құжатында: "Ойша кішкене айналардан құралған үлкен айнаны елестетіп көріңіз. Кішкене айналардың барлығы бір-біріне бұрыш жасай орналасқан делік. Тура дискотекадағы шар секілді. Менің өнертабысым осы принципке негізделген. Менің алгоритмім бұл кішкене айналардан бейнені кең әрі сапалы түрде алуға мүмкіндік береді", - деп жазыпты. 

Өнертабысты төмендегі мына суретке қарап сынап көріңіздер:

ап

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: richlandf1.com, auto.lafa.kz zhelezyaka.com