Таиландтық студент көліктің нөмірін $800 000-ға сатып алды

Таиландтық студент көліктің нөмірін $800 000-ға сатып алды

Тханапхат Тантисевекун есімді студент мемлекеттік аукционда әдемі автомобиль нөмірін 800 000 АҚШ долларына сатып алған. Бұл туралы Bangkok Post ақпарат көзі хабарлап отыр.

Ал Тханапхаттың өз көлігі $13 000 тұрады екен. «Менің жолым болды. Расында, мен бұл аукционға 1,5 миллион доллар дайындап келген болатынмын. Ал мен соның жартысын ғана жұмсадым», - дейді Тантисевекун жергілікті баспасөзге берген сұқбатында.

Жасөспірімнің айтуына қарағанда, оның жанұясы осындай акциондарда сатып алынған нөмірлері бар ондаған көлікке иелік етеді екен. Студент өзінің арзан көліктеріне тым қымбат нөмірлерді тегіп алуын жәй ғана қызығушылықтан екенін айтып өтті.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: auto69.ru

Ж. Өрісбай