Оқи отырыңыз

Таудың алдында есеп беріп тұрған жөн...

Автор: Есмұхан Обаев

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Көлік атауларының тарихы

Көлік атауларының тарихы

Көлік атауларының тарихы

Бала кезімізде түрлі машина маркілерін жаттап алып, достарымызбен бірге темір тұлпар эмблемаларын қызыл кеңірдек болып талқылайтынбыз. Сөйте отырып, арман құшағына еніп кететін ек. Дегенмен, бәріміз бірдей осы атаулардың шығу тегіне үңіліп көрмеппіз. Ендеше, машина маркілерінің қайдан шыққанын бірге білейік. 

Автоөндірушілер өз көліктеріне атауды көбіне компания негізін салған адамның құрметіне қояды. 

Дүниежүзіндегі ең әйгілі мысал - Ford. 1911 жылы Генри Фордтың зауыты алғашқы көлікті шығарған. Сол кезден бастап, әйгілі автоөндірушінің фамилиясы көлік эмблемасында кескінделіп келеді.

Dodge  маркасы да бүгінгі күнге дейін осылай келген. Джон мен Горацио Додж ағайындылары көлік өндірісімен айналысқан. ХХ ғасырдың басында екеуі велосипедтерді жинауды доғарып, темір тұлпарларды жинастыруды бастайды. 

 

Американдық маркілердің тағы біреуі өз бастауын өндірушінің аты-жөнінен алып отыр. Швейцария шабандозы Луи Шевроленің атымен бүгін бәрімізге таныс көлік маркасы аталып келеді. Компанияның негізін Лиудің ағасы  Артур Шевроле 1908 жылы қалаған еді.

 

1919 жылы әлемдік қауымдастық Citroen көлік маркасымен танысқан болатын. Кішкентай әрі ыңғайлы көліктердің өндірісін бастау үшін Андре Ситроен "Ситроен акционерлік қоғамын" құрған еді.

 

Дәл сол кезде, Жапонияда да бірнеше автоөндіріс кәсіпорындары бой көтерген болатын. Жапония жерінде көптеген өндірушілердің өнімі компания негізін салушы адамның атымен аталған. Honda - Soichiro Honda фамилиясымен аталды. 

 

 Мичио Сузуки  әлемге Suzuki маркасын әкелді. Сузуки компаниясы өз ісін велосипед пен тігін машиналар құрылысынан бастаған. 1930 жылы Жапонияда көліктерге сұраныс өскендіктен, компания өз бағытын басқа салаға бұрып, әлемнің жетекші автоөндірушісіне айналған. Қазіргі таңда компания өнімі үлкен сұранысқа ие.

 

 Kawasaki - Shozo Kawasaki. Алғашқыда бұл компания кемелердің құрылысымен айналысқан. Қазіргі таңда мото, авто, әскери техниканың құрылысымен айналысып, қару-жараққа дейін шығарып отыр.

 

Toyota брэнді Sakichi Toyoda-ның құрметіне аталған. Бұған қоса, жапон тілінде "тойота" сөзі сегіз әріптен құралады. Сегіз саны жапондықтар үшін қасиетті. "Тойота" сөзінің бөлек жазылуын былай түсіндіруге болады: "Toyo" - "молшылық", "Ta" - күріш". Азия құрлығында "күріш молшылығы" жақсылықтың, берекенің белгісі.

Дзудзиро Мацуда Toyo Cork Kogyo Co концернін Mazda атауына өзгертіп жіберген болатын. Жаңа атау үшін Ахура Мазда  - данышпан Құдайының есімі алынған. Жапондықтар Ахура Мазданың табиғатпен ерекше байланысы бар екендігіне сенеді.

 

 

 

 Mitsubishi корпорациясының негізін салушылар табиғаттан "үш алмаз" алған. "Мицу" "үшті" білдірсе, "Биси" - алмаз. Үш алмаздың бейнесі көлік эмблемасында кескінделген.

 

 

 Daihatsu зауытының тарихы сонау 1907 жылдан бері бастау алып келеді. Бұған дейін компания үш дөңгелекті көлік өндірісімен айналысып, Hatsudoki Seizo деген атауға ие болған. 1951 жылы компанияны өндірістің негізін қалаған адамның атымен атап кеткен. Daihatsu Kogyо жапондық марканың негізін қалаған.

Nissan компаниясының ресми қаланған күні - 1933 жылдың 26 желтоқсаны. Жаңа бренд Tobata мен машина құрылысымен айналысатын Nixon Sanyo фирмасының қосылуынан пайда болған. Кейін компания Jidosha Seizo Co деп аталды. 1934 жылы оны Nissan Motor Со деп өзгертіп жіберген. Nissan сөзі Nixon Sanyo сөздерінің алғашқы әріптерінен пайда болды.

Концерн атауы өте терең мағынаны білдіреді. Өндірістің негізін Ким Ву Чон қалаған. Егер, Daewoo сөзін дәлме-дәл аударатын болсақ, ол "үлкен дүние" дегенді білдіреді.

 

Hyundai брендін қалаған адамдар негізге "қазір" сөзін алған екен.

 

Екінші кореялық SsangYong компаниясы 1988 жылы пайда болды. Компания SsangYong Group қаржы-сауда-саттық холдингінің құрамына енген болатын. Кейін жеке бөлініп, SsangYong Motor Company деген атауға ие болған.

 

Суреттер: auto-marki.ru

7209 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 09 сәуір 2012, 12:33
Пікірлер
+0
09 сәуір 2012, 13:18

Фордтың тарихы қызық екен

+0
09 сәуір 2012, 13:21

ия адам есімі деп кім ойлаған )

+0
09 сәуір 2012, 14:03

Мерседес қайда? Түсінбедім...

+0
09 сәуір 2012, 16:02

Мерс туралы тарқатылып айтылған еді. Сілтемесі міне http://massaget.kz/auto/klassika/31

+0
10 сәуір 2012, 00:18

Машина жасаудан жапондықтар жан салмай келеді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Азандағы мен №2
Азандағы мен №2

"Америкада бұлай, Англияда солай" демей, өзіміздің...

Гормондар ойнайды, лә-лә-лә
Гормондар ойнайды, лә-лә-лә

Адам биология, химия мен физикаға тәуелді... Мойындамай көріңізші

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...