Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Шанхайдағы мотор-шоуға шолу

Шанхайдағы мотор-шоуға шолу

Шанхайдағы мотор-шоуға шолу

Жақында Қытайдың Шанхай қаласында өткен мотор-шоу көпшілікті өзінің жаңашылдығымен таң қалдырды. Көрмеге қойылған көліктердің сұлулығына көз тоймайды. Әрине олардың көбі әзірге тек концептілер ғана. Бірақ солардың өзі жақын болашақтағы көліктер қай бағытпен дамитындығы және олардың дизайндық шешімдері қандай болатынын болжауға мүмкіндік береді. Мысалы көрмеге қойылған Hongqi L9 көлігі «Аспан асты елінде» бұрын-соңды болып көрмеген төңкеріс алып келуі мүмкін. Оның интерьері толықтай люкс етіп жасалған. Бір қызығы өндірушілер көлікті жасау кезінде Rolls-Royce немесе Bentley-ге қарап емес, өздерінің Hongqi CA72 көлігінен «шабыт алғандарын» айтты.

1

2

Қалай айтсақ та, Қытай автоөндірісінің өзіндік тарихы бар. Рас, Қытай өнеркәсібі қазіргі дамыған елдерге қарағанда, біршама кеш басталды. Десек те, бұл елдегі ең алғашқы модель шығарған автокомпания 1958 жылы ашылып, кейін ол FAW Car Company еншілес кәсіпорнына айналды. Сол кездері Қытай коммунистік партияның басқаруында тоғыз жылын өткізген еді. Негізгі көмекті КСРО беріп отырды. Бірақ Қытай онымен қарап қалғысы келмеді. Партия халықтық көлік жасап шығаруды тапсырды. Компания «Қызыл жалау» деп аталды. Қытай тілінде Hongqi деп естіледі. Бірінші модель CA72 – Chrysler агрегатының көмегімен дүниге келді. 1958 жылдан бастау алған өндіріс технологиясында әр жылдары неміс және жапон елдерінің жетістіктері пайдаланылды. Ал бүгінде олар өзіндік өнім жасауды қолға алды. Солардың бірі Hongqi L9 көлігімен танысқанда, көзге бірден түсетіні – компанияның алғашқы көлігі CA72-мен ұқсастығы.

3

Өткен жарты ғасыр ішінде партия билігі Қытай экономикасын әлемдегі жетекші елдердің қатарына қоса білді. Дәл осы технократтық экономика арқасында. Қытай бүгінде әлемді ұсақ-түйекпен ғана емес, енді көлікпен де қамтамасыз етуді бастады. Әрине әзірге олардың осы салада немістермен немесе жапондармен иық тірестіре алатындығына ешкім сене қоймас. Бірақ Қытай көліктері күн санап дизайны жағынан да, күштік жағынан да жаңарып, сапалырақ бола түсуде. Қытай басшылығы да қазір өз көліктерін мінуді әдетке айналдырды. Мысалы Hongqi L9 Қытай Коммунистік партиясының төрағасы Ху Цзиньтао мырзаны 2009 жылы Республиканың 60 жылдық мерейтойына лимузин ретінде көпшілік алдына алып шықты. 

4

Бірақ ол брондалып, арнайы жасалған көлік болатын. Ал оның Шанхайда көрсетілген жаңа азаматтық модификациясы жеңілірек. Hongqi нақты салмағы белгісіз болса да, оның габариттері белгілі: ұзындығы 5555 мм, ені 2018 мм, биіктігі 1578 мм. Ал көлік дөңгелегінің базасы 34356 мм. Ху Цзиньтао мінген көлік одан жарты метрге ұзынырақ еді.

Hongqi L9 сериясы капотының астында қытайлық су жаңа қозғалтқыш орнатылған. Қытайлар көлікке жұмсалатын күштік агрегатты да  аямаған: алты литрлі, V12 цилиндрлі. Оның моторының қуаты минутына 5600 айналым кезінде 400 аттың күшіне тең болады. 4400 болғанда айналу моменті 550 Н*м. Қытайлар Rolls-Royce-пен тек қозғалтқыш қуаты, сыртқы өлшемдермен және дизайнмен ғана емес, сонымен бірге бағасы бойынша да тайталасып тұр. Hongqi жаңа көлігінің бағасы британдық бәсекелесімен бірдей. Кей жағдайда асып түседі.

Сондықтан да Hongqi L9 дәрежесі қазір биік тұр. Бірақ әзірге ресми прайс-лист жарияланған жоқ. Бірақ кейбірі оның бағасын седан нұсқасына қарай $800 000 - $1 500 000 аралығында болады деп болжайды. Негізі автокөлік коммунисттік партия шенеуніктеріне арналып жасалған. Сондай-ақ көліктің қарапайым халыққа сатылу сатылмау мәселесі де әзірге белгісіз.

Концептілер

Шанхай мотор-шоуында бірнеше көлік түрі қатар көсетілді. Барлық жерде де жаңа концептілер. Жергілікті компаниялар ғана емес әлемдік алпауыттардың концептілері осында тұр. Барлығын таң қалдырған модель бұл BMW көлігі. Жаңа кроссовердің суреттері одан сәл уақыт бұрын Интернет беттеріне шыққан болатын. Енді міне сұлудың өзі алдымызға келді. Дизайын жағынан да көлік ерекшеленеді. Сонымен біз оны жақыннан көре аламыз.

Соңғы кездері мынадай тенденция қалыптасқаны белгілі: BMW концептілері сериялық модельдерге тым жақын. 2010 жылы да осындай жағдай орын алған еді. BMW Gran Coupe Concept BMW алтыншы гран-купесіне айналып шыға келді. Төртінші купе де қазірдің өзінде үлкен жарнамалармен әлемді кезіп жүр. Ол ТМД елдерінде де жоқ емес. Мамандар «BMW X4 купесін келесі жылы әлемнің түкпір-түкпіріндегі дилерлік салондарынан көреміз» дегенді жарыса айтып жатыр.

5

6

Шанхай көрмесі де оған үлкен жарнама болғаны белгілі. Себебі осы көрмеден соң оның аты әлемдегі кез-келген авто жаңалықтардың басында тұратын болды. Бавариялық кроссовер бұрынғы модельдерден аздап ерекшеленеді. Ол X3 мүмкіндігін пайдаланып көрген, бірақ енді одан да қымбатырақ, сәнді, ыңғайлы және жылдамырақ көлікті қалайтындарға арналып тұр. Купелік стильмен жасалынған BMW X4 бағасы да бұрынғыға қарағанда едәуір қымбат болмақ.

7

Ал көліктің капот астында сақтайтын ешқандай құпиясы жоқ десе де болады. Себебі онда X3 классының күштік мүмкіндіктері түгелдей көшіріліп алған.

8

Әрине аздаған өзгерістер де жоқ емес. Жалпы алғанда немістердің еңбегі еш кеткен жоқ. Оған дәлел олар жасаған BMW X6 көлігінің бір жылда әлемге 40 мың данасының сатылуы болып отыр. Ал X5 100 мың данамен сатылған еді. Х6 да жақын арада ол нәтижені қайталап қалар.

Көрмеге қойылған BMW X4 қатарында немістің тағы да бір кроссовері Mercedes-Benz GLA да бар. Ол туралы мәліметтер барлық Интернет беттерінде жеткілікті. Сондықтан тек оның суреттерін ғана ұсынамыз.

9

11

47

55

01

85

86

42

Бүгінгі қытайдың автокөлік нарығы әр елден келген көліктермен толығуда. Бұл жерде Америка жерінде кездеспейтін еуропалық модельдер мен «кәрі құрлықтың» ешбір жерінен іздеп табылмас американдық модельдер түйіседі.  

Оған қосымша Қытайдың экономикасы мен климатына негізделіп жасалған жапон көліктерін де айта кетсек болады. Оған жылына миллиондаған данамен шығатын Қытайдың өз көліктерін қосыңыз.

Қазір американдық компаниялар қытайлықтарға икемдеп жаңа көліктерді шығара бастады. Мысалы, Buick моделі жақында осы ел үшін эксклюзивті түрде ұсынылды. Ал біз айтқымыз келіп отырған модель бюджеттіге саналмайды. Оның аты - Riviera купе. Американдық өндірушіге бұл есім жат емес. Себебі ең бірінші Buick Riviera моделі 1963 жылы жарыққа шыққан еді. Бірақ ол кезде көлік ұзындығы бес метрден асатын хардтоп болып шыққан болатын. 1999 жылға дейін американдықтар осындай көліктің жеті бірдей ұрпағын шығарып үлгерді. Осы күнге дейін оның бір миллионнан аса данасы сатылып үлгерген.

894

2

12

General Motors компаниясы көліктерін тек купемен жабдықтап жатқан сияқты. Олар енді ғана ELR гибридін шығаруды бастап жатыр. Buick Riviera көлігі де көптеген өзгерістерге ұшырапты.

Американдық автокөлік суретшілері капоттағы торға қарағанда алдыңғы бампердегі тор әдемі көрінетінін енді ғана түсінген сыңайлы. Енді Buick көлігіндегі танымал «киттің мұрты» (торы) төмен қарай жылжып, жаңаша кейіпке енген. Дизайнерлер терезе жиегі мен купе ішін өзгеріссіз қалдырыпты. Бір қарағанда көлік атақты британдық Bentley Continental GT купесіне қатты ұқсайды. Buick Riviera жасауда General Motors мамандары Паназия техникалық автомобиль орталығының (Pan Asia Technical Automotive Center) қызметкерлерімен бірігіп жұмыс жасаған екен. Және де бұл олардың біріккен төртінші жобасы болып саналады.

55

75

Америкалықтар Buick Riviera көлігінің негізіне BIP - Buick Intelligent Performance атты технологияны қолданған екен. Инженерлер көлікті гибридті жүйемен жабдықтап, оны сымсыз электрмен зарядтауға талпынып отырған көрінеді. Болашақтың көлігі спортты купе түрінде болмақ. Ол жерде жолаушылар мен жүргізушіні 4G LTE соңғы сымсыз байланысы Интернетпен қамтамасыз ететін болады. Ал цифрлық комбайнды басқару үшін оларға қолдың қимылы-ақ жетеді. Экран толықтай сенсорлы болып келеді. Көліктің күндіз және түн мезгіліндегі қауіпсіздігіне жоғары мүмкіндікті 10 камера жауап беретін болады.

Қытай нарығына көліктерін шығарған тағы да автоконцерн ол Ford болды. Американдық компания Escort моделін жаңғыртуды ойластырып отырған көрінеді. Ол осыған дейін 10 жыл бойына АҚШ пен Еуропаны осы бір модельмен қамтамасыз етіп келген болатын. Сонымен осы бір көлік түрінің жаңғыртылған моделі жөнінде Ford Motor Company атқарушы вице-президенті Джим Фарли айтып берсін: «Біз Қытай тұрғындарының шағымдары мен ұсыныстарын ескере келе, олардың талғамын толық қанағаттандыру мақсатында жаңа Ford Escort концептісін жасап шығардық. Ол жанұяның барлық мүшелеріне ыңғайлы болады деген сенімдеміз».

75757

0000

24242

252525

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: 3dnews.ru

1814 1
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 05 маусым 2013, 12:00
Пікірлер
+0
05 маусым 2013, 12:54

керемет, осындай көрмелер ұнайды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...