Ресейлік тұңғыш әрі жалғыз спорткар

Ресейлік тұңғыш әрі жалғыз спорткар

Ресейлік тұңғыш әрі ең арзан спорткар – «Ода» көлігінің қайғылы тарихын баяндайық. Өз заманынан ерте туған родстар типтес көлік аумалы-төкпелі 90-жылдардың басында дүниеге келген еді. 

Сонымен, сіздерді ресейлік тұңғыш спорткармен таныстырайық. Бұл көліктің сыртқы пішіні ағылшын родстерлері немесе Mazda MX-5 «шабандоздарына» бағдарланып жасалған. Көліктің бас құрастырушысы Альберто Страццари (италияндық) 15 мың долларлық көлік құрастыруды мақсат қойған болатын. Ең бастысы мәселе өтімділігінде болған сыңайлы. Ал бұл идеяны өз кезегінде Геннадий Корсакович жалғастырып, «Ода» атты көлікті дүниеге әкеледі. Бір қызығы, спорткар «Ока», ВАЗ-2101, ВАЗ-2108, ВАЗ-2107, Нива көліктерінің бөлшектерінен құрастырылып жасалған. 

1992 жылы жасалған тұңғыш спорткар жалғыз спорткар болып қалады дегенге кім сенер еді? Расында солай болды. Сөйтіп, әлемдегі ең арзан родстардың жағдайы мүшкіл болды. Бар-жоғы 10 мың долларға сатылады деген көлікке сұраныс ашығын айтқанда 0 пайыз болды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: auto.mail.ru

А. Құлтай