Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Классика / Автокөлікке түс таңдау: Қай түс сәнде?

Автокөлікке түс таңдау: Қай түс сәнде?

Автокөлікке түс таңдау: Қай түс сәнде?

 Көбіміз автокөлік алуға бел буған соң, оның маркасы мен өндірушісіне, түсіне келгенде тығырыққа тіреліп, таңдау жасай алмай дал боламыз. «Ақ түсі жақсы ма, қарасы ма? Мүмкін, мына бір қоңыры...? Жоқ, мына бір сұры әдемірек сияқты ма, қалай?...»

Біздің айтарымыз, көліктің түсін таңдау алдында ең алдымен, өз талғамыңызға сүйеніңіз. Сондай-ақ, қоғамның бұл түске деген көзқарасы қандай екенін де басты назарда ұстаңыз.

Ал әлемдік автосүйер қауымның талғамын таразыға тартқан зерттеушілер Жапония мен Қытай елдерінде автокөліктің қара түсі үлкен сұранысқа ие дейді. Түстер арасында топ жарған қара түске тек күміс түсті автокөліктер ғана бәсекелес бола алады екен. Яғни, қара түс өз танымалдығын кейбір көлік маркаларында жоғалтып алатын көрінеді.

Дегенмен, мамандар осы ғасырдың аяғында қызыл, сары және көк түсті автокөліктер сәнге келеді деп болжап отыр. Десек те, бұл –  қара түстің танымалдығы төмендеп, сұраныстар сапынан ысырылып қалады деген сөз емес. Осы жерде естеріңізге сала кетейік, әлемге танымал  Mercedes-Benz, BMW, Audi и Volkswagen маркаларының автоөндірушілері қара-көк (темно-синий) түсті бояуларды қалайды. Сондай-ақ, ашық қызыл (ярко-красный), алабарқын (темно-коричневый) және ақшыл-қызыл қоңыр (светло-коричневый) түсті автокөліктерді  нарыққа шығарған америка тұтынушыларын метталлик түсті темір тұлпарлар да қызықтыруда.

Тұтынушылар өз көліктерін қалаған түсімен әрлеген соң, «металликпен» жылтыратуды сәнге айналдырды. Өйткені, «металлик» көп қатпарлы әдіспен боялып, автокөліктің ажарын аша түседі. Сондай-ақ, ол көлігіңіздің сыртқы қабатының ұзақ уақыт сақталуын да қамтамасыз етеді.

Сондықтан, автосүйер қауым бір жұмысты екі қылмас үшін бірден керекті түсі металликпен әрленген көліктерді іздейді.

Бәсекеге қабілетті кәсіпорындар тұтынушылардың бұл қажеттілігін де қанағаттандырып отыр. Лезде кез келген түске металлик үстеп, автокөлікті өз қалауыңыз бойынша әсемдеп береді.

Ата- бабаларымыз өз заманында екі-үш түске де риза болған. Адамзат баласының санасы шырқау шегіне дейін шарықтап келе жатқан қазіргі кезеңде жүрек қалауыңыз ескерусіз қалмай, арманыңыз мүмкіндігінше жүзеге асады. Көлігіңізге түс таңдауда біз айтып өткен кеңестер пайдаңызға асар деген үміттеміз. Іске сәт!  

 

Сурет http://www.car-z.uz сайтынан

415 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 28 желтоқсан 2011, 09:00
Пікірлер
+0
28 желтоқсан 2011, 10:02

Менің бір газет бетінен оқығаным бар: түс автокөліктің тағдырына тікелей әсер ете алады. Статистика мәліметтері бойынша апатқа ұшырайтын көбінесе қара және сұр түсті көліктер екен. Маған ақ түсті көліктер ұнайды. Мәшинем болса осы түстен болады, ал маркасы Порш или Х-5 ғой, білесіздер ғой:)))))

+0
30 желтоқсан 2011, 12:57

Ал менің естуімше қызыл және қара түсті көліктер көп апатқа ұшырайды делінген.

+0
28 желтоқсан 2011, 10:15

Маған ашық түстер ұнайды. Алғашқы мінген көлігімнің түсі ақ болатын. "Аппақ субарик" деп атайтынмын. Қазір неше түрлі түстер мен суреттерді салуға болады ғой. Көлік қара болса да оған ашық түсті элементтерді қосуға болатын сияқты

+0
28 желтоқсан 2011, 12:15

Металликпен боялған қара түсті көлік сұраныста

+0
29 желтоқсан 2011, 11:34

темно-синий металлик!

+0
30 желтоқсан 2011, 12:29

Маған голубой ұнайды деп Б...іреу айтып отса иә))))

+0
31 желтоқсан 2011, 19:22

Қай түс көп түсетінін қайдам, өзім сұр түсті Мерспен апатқа түстім, түскендеде оңбай түстім...

+0
31 желтоқсан 2011, 19:55

Аман қалғаныңыз үшін шүкір.

+0
31 желтоқсан 2011, 21:50

сұр түсті көлік апатқа жиі ұшырайтын көліктердің қатарынан.... Көрдіңіз бе?!

+0
10 қаңтар 2012, 16:15

маған түсі жоқ автокөлік ұнайды

+0
10 қаңтар 2012, 16:39

түсі қандай оның?=)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...